Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 1719 1 пікір 21 Наурыз, 2024 сағат 16:21

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны - түркі халықтары арасындағы қарым-қатынасты арттыруға тың серпін береді – Қошанов

Мәжілістің Баспасөз қызметі. Суретті түсірген Ж.Жұмабеков

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов елордада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының басталуына қанша күн қалғанын көрсетіп тұратын кері санақ тақтасын салтанатты түрде іске қосу рәсіміне қатысты. Бүгіннен санап бастасақ, Қазақстанда өтетін көшпенділер ойындарына 171 күн қалды.

Жиынға Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Біләл Ердоған, Туризм және спорт министрі Ермек Маржықбаев, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов қатысты.

Мәжілістің Баспасөз қызметі. Суретті түсірген Ж.Жұмабеков

Салтанатты рәсімді ашқан Мәжіліс спикері жиналған қауымды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтап, Дүниежүзілік көшпенділер ойыны түркітілдес халықтардың ғана емес, әлемнің назарын аударған байрақты бәсеке екенін атап өтті.

Сондай-ақ Ерлан Қошанов қазіргі уақытта елімізде әлемдік жарысқа дайындық қарқынды жүргізіліп жатқанын айтты.

Мәжілістің Баспасөз қызметі. Суретті түсірген Ж.Жұмабеков

– Осы дүбірлі жарысты Қазақстанда абыроймен өткізу – баршамыз үшін үлкен мәртебе, зор жауапкершілік. Мемлекет басшысы бұл доданы  жоғары деңгейде ұйымдастыруды тапсырды. Біз Көшпенділер ойынын сән-салтанатымен лайықты деңгейде өткіземіз деп зор сеніммен айта аламын. Бұл сайыс бауырлас түркі халықтары арасындағы өзара ынтымақтастық пен мәдени қарым-қатынасты арттыруға тың серпін береді. Елдеріміздің арасындағы рухани байланысты одан әрі нығайта түседі деп сенемін, – деді Мәжіліс спикері.

Мәжілістің Баспасөз қызметі. Суретті түсірген Ж.Жұмабеков

Қазақстанда өтетін Көшпенділер ойынына әлемнің 100 елінен өкілдер қатысады деп күтіліп отыр. Қазірдің өзінде 60 елдің келісімі бар. Спорттың 20 түрінен 4 мыңға жуық қатысушы сынға түседі. Ұлы Дала төсін дүбірге бөлейтін мереке бір аптаға созылады.

Мәжілістің Баспасөз қызметі. Суретті түсірген Ж.Жұмабеков

Салтанатты рәсімнен соң меймандар «Наурыз мейрамы Астана 2024» қолөнершілер жәрмеңкесін аралап, Ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік концертті тамашалады.

Мәжілістің Баспасөз қызметі. Суретті түсірген Ж.Жұмабеков

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322