Ақберен ақындық әлемімен танысуға шақырады
Ақберен Елгезек – ХХІ ғасырдың біртума қаламгері, ерекше дарын иесі. Ол оқырман ықыласына бөленіп, өз бағасын алған ақын. Жақында ақынның «АҚБЕРЕННІҢ АҚЫНДЫҚ ӘЛЕМІ» тақырыбындағы сұхбат кеші өтеді дегенді естіп,оны әңгімеге тартқан болатынбыз.
- Ақберен, алғаш рет шығармашылық кеш өткізгелі отыр екенсіз, құтты болсын! Толқып жүрсіз бе?
- Кішкене толқыныс барын жасырмаймын. Әртүрлі қаламгерлермен бірнеше кездесулерге барғаным болмаса, жеке кешім өтпеген еді. Бұл шараны да кеш деп те атауға болмайтын шығар. Форматы сырласу, сұхбаттасу болғанмен, бұл менің алғашқы офлайн режиміндегі оқырмандармен жүздесуім болайын деп тұр.
- Кешке кімдерді қонаққа шықырмақсыз? Осы кеш туралы, оның басқа кештерден ерекшелігі туралы не айтар едіңіз?
- Қонаққа ең алдымен оқырман қауымды шақырып отырмын. Астанада тұратын қаламгерлер, өнер иелері келеді деген сенім бар. Алдыңғы буын аға-апайларымды арнайы шақырдым. Бірді-екілі пікірлерін айта жатар, бірақ бұл жерде менің шығармашылығым туралы пікір есту емес, басты назар оқырманның сұрағы – ақынның жауабына аударылады. Былайша айтқанда, қатып қалған сценарийі жоқ, сырласу кеші болмақ.
Кеш туралы:

28 қараша күні Астана қаласыдағы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында 20.00-де Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты АҚБЕРЕН ЕЛГЕЗЕКТІҢ «АҚБЕРЕННІҢ АҚЫНДЫҚ ӘЛЕМІ» тақырыбындағы сұхбат кеші өтеді.
Поэзия әлеміне өзіндік қолтаңбасымен еніп, дара шапқан ақынның сырлы да мұңлы әлеміне сапар шеккіңіз келсе, шағармашылық кешке келіп, ақынмен сұхбаттасу, дидарласу бақытына ие болыңыз.
Өтетін уақыты: 20.00 – 21.30 («Мәжіліс» залы, 3 қабат)