Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 974 2 пікір 26 Наурыз, 2024 сағат 16:19

ҚазҰУ-дың Қазақстандағы білім мен ғылымды дамытудағы рөлі

Сурет: kaz.tengrinews.kz сайтынан алынды

Қазақстанның білім берудегі басты мақсаты — көшбасы мемлекеттердің қатарындағы елдердің білім беру жүйесіне кіру. Бәсеке үдерісінде адам ресурсын сапалы дамытудың маңызы өте зор, сондықтан нарықтық экономикаға бейімделген бәсекеге қабілетті, жаңа заманда жаңаша ойлайтын, кәсіби құзыретті жеке тұлғаны дайындау шарт. Білікті маман даярлау – жоғары оқу орнының  біртұтас  құрамдас бөлігі, оның негізгі субъектісі ЖОО оқытушысы болып табылады. БҰҰ-ның бастауымен алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. «Тұрақты даму мақсаттары» – қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму. Тұрақты даму мақсаттары  концепциясының 4 мақсаты-сапалы  білім екенін ескере отыра, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2023-2024 оқу жылына   30-дан астам жаңа білім беру бағдарламасы әзірленді. Қара шаңырақтағы білім беру бағдарламалары жетілдіру және жаңарту тапсырмаларына сәйкес  жасалды. ҚазҰУ-дың Білім беру бағдарламаларын жобалау кеңсесінің мәліметінше, биылғы оқу жылына университетте жаңадан әзірленген білім беру бағдарламалары бакалавриатта -10, магистратурада - 21, докторантурада - 5. Сондай-ақ 120-дан астам білім беру бағдарламалары жаңартылды, оның ішінде бакалавриат - 47, магистратура - 73, докторантура - 3.

Білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды, оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалайды.

ҚазҰУ-дың білім беру бағдарламалары мынадай құрылымға ие:

- Бакалавриат- білім беру бағдарламалары тиісті мамандық бойынша бакалавр дәрежесін беретін кадрларды даярлауға бағытталған жоғары білім. Оқу мерзімі – 4 жыл.

- Магистр деңгейі-білім беру бағдарламалары даярлаудың екі бағыты бойынша жүзеге асырылады: ғылыми-педагогикалық және бейінді –түлектерге кейіннен ғылыми, педагогикалық, басқарушылық және сараптамалық қызметпен табысты айналысуға мүмкіндік беретін тереңдетілген мамандандырылған кәсіптік даярлықты қамтамасыз етеді. Оқу мерзімі-2 жыл.

- Докторантура- білім беру бағдарламалары ғылыми, кәсіптік қызмет үшін кадрлар даярлауға бағытталған, доктор дәрежесін бере отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Докторантурада оқу мерзімі – 3 жыл.

Қазіргі уақытта Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім беру және ғылыми-инновациялық қызмет нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған даму бағдарламасын іске асыруда. Біздің университет QS жаһандық рейтингінде әлемдегі ең үздік университеттер арасында 230-орында, сондай-ақ ұлттық және халықаралық рейтингтерде алдыңғы орындарда екені баршаға мәлім. Университет елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесін арттыру үшін  ғылым мен білім берудің нақты интеграциясына бағыт алды. Әлемнің жоғары оқу орындары және ғылыми орталықтарымен стратегиялық әріптестік жүзеге асырылады. Қос диплом бағдарламалары, халықаралық жобалар, және білім алушылардың академиялық ұтқырлығы табысты жүргізілуде. Университет түлектері Қазақстандағы және дүние жүзіндегі жұмыс берушілер тарапынан жоғары сұранысқа ие. Университеттің өндіріспен тығыз байланысы бар, бұл студенттерге практикалық тәжірибе жинақтауға және кәсіби дағдыларын дамытуға мол мүмкіндіктер береді. Заң факультетінің   профессорлық-оқытушылық құрамы еліміздің білім беру және ғылыми әлеуетін ескере отырып, сапалы білім беріп, мықты маман даярлауға күш салуда. Оқу ордамыз алдағы уақытта да жоғары білім беру саласындағы көшбасшы болып қала беретініне сеніміміз мол.

 

Сулейменова С.Ж.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультеті  азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы,профессор

Abai.kz

 

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1535
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3316
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019