Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ сенаторы Стив Дэйнсті қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Сенатының мүшесі Стив Дэйнсті қабылдап, ілтипатын білдіре отырып, екі ел арасындағы ынтымақтастығы дамып келе жатқанын атап өтті. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Кездесу барысында сауда-экономикалық ықпалдастық мәселелері қарастырылды.
Қазақстан Президенті елімізде инвестиция тарту, экономиканы ырықтандыру және өнеркәсіпті дамыту ісіне ерекше назар аударылып отырғанын мәлімдеді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, энергетика, пайдалы қазбаларды барлау әрі өңдеу, инфрақұрылымды жаңғырту және басқа да салалар қазақ-американ қарым-қатынастарының негізгі бағыттары саналады.
Сондай-ақ халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселесіне баса мән берілді.
Abai.kz