Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4485 0 пікір 28 Қараша, 2013 сағат 16:28

Христиан қазақтар: «Қазақстан жерімізге төгіледі оның нұры, Иса-мәсіх – Құдай ұлы»

Кигендері – жиегі зерлі ою қазақтың ұлттық киімі. Бәрінің ұлты қазақ. Бәрі де жап-жас. Ал, айтып тұрған әндерін естісеңіз, тас төбеңізден қос қолдап қойып қалғандай күй кешесіз: Қарағандыдағы қазақ жастары христиан дінінің бір ағымы - Иса мәсіхшылардың сектасының құрбанына айналып, құлақ кесті құлы боп шыға келген. «Қазақстан жерімізге төгіледі оның нұры, Иса-мәсіх – Құдай ұлы» деп ырғала ән шырқайды қазақ жастары.
Міне, жастар саясатына «ерекше» көңіл бөліп, «Елбасына сүйіспеншілік күнін» өткізіп жатқан елдегі шынайы жағдай. Деректерге сенсек, Қарағанды облысында 28 мешіт бар екен. Ал, сол мешіттердің жұртшылықпен жұмыс істейтін, жастарды теріс жолдан сақтандыратын имамдары, діни істер агенттігінің облыстық бөлімдері қайда қарап отыр? Қарағандыдағы қазақ балалары христиандық секталардың соқыр көбелегіне айналып кеткеніне қарағанда, орталық Қазақстандағы жастар саясатына жауапты мемлекеттік органдар, имам молдалар, видеодағы балалардың ата-ана, туыс-туғандары айға қарап, жұлдыз санап жүрген болуы керек шамасы.
Секта атаулымен күрескіш «қаһарман» органдардың христиандық секталарға әлі күнге шамалары келмей жүргені қызық. Ұлттық қауіпсіздіктің шұрқ-тесік болып, болашақтың бодандыққа байланғаны - осы.
Ал, біз және біздің билік... Мереке құтты болсын!

Айтпақшы, «Қазақстан жерімізге төгіледі оның нұры, Иса-мәсіх – Құдай ұлы». Мәссаған, нұрға бәсекенің шыққан жерін қараңыз. Биліктің нұрға бәсеке болмауға, болдырмауға тиісті ғасырлық міндетін ескерсек, мына секта көп ұзамай тұздай құритын шығар...
Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5333