Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3264 0 пікір 29 Қараша, 2013 сағат 04:45

Қазақ көшінің тоқтауының 10 себебі

(Халық уәкілдерінің құрылтайында оралман және жат жұрттағы қандастар
туралы жасалған баяндама)

Құрметті құрылтай уәкілдері және де отанына, ұлтына деген шынайы махаббатымен келіп отырған барлық ұлтжанды қазақ азаматтары. Бүгін мен сіздерді ата жұртына оралған қандастарымыз атынан, осы құрылтайда көп дауыспен мақұлданған «Қазақ ұлттық кеңесі» ұйымының құрылғандығымен қызу құтықтаймын!

Жаңа ұйым алға қойған түрлі мақсаттарына жетеді деген сенімдемін әрі осы құрылтайда – қазақ билігін , қазақ көшіне жасалып отырған түрлі кедергілерді алып тастап, көштің іркіліссіз, баянды болуына ат салысуға шақыра отырып, төмендегі 10 түрлі талап – тілекті ортаға коймақпын:

Әлемнің 40-қа тарта елінде 5 млн-нан астам қандасымыз тұрады. Олардың 1 млн-ы ата жұртына оралды деп бөркімізді аспанға атып мақтанғанымызбен, 20 жылда тек олардың өсімі ғана оралды. Демек 5 млн. қандасымыз орнынан қозғалған жоқ деген сөз.
«Бос жер жау шақырады» деген атадан қалған асыл сөз бар. Ұлан – байтақ жеріміз әлем картасында 9-орында, ал халқымыз 16 – ақ миллионнан асады. Осы киелі жерімізді қорғайтын, әрі ата жұрты - қазақ елінің дамуына қасықтай қаны, шыбындай жаны қалғанша, өз үлестерін аямауға ант етіп отырған, жат жұрттағы қандастарымызды көптеп тартуымыз керек.
Қазақ көші тоқтады, оның да түрлі себептері бар.

1.Қазіргі кезде Үкімет пен Парламентте жатқан оралман қандастарымызға берілетін квотаны тоқтату, оларға азаматтық беруді 5жылға дейін созуды қамтыған «Еңбек миграциясы туралы» заң жобасы сөзсіз кері қайтарылуы керек деп білеміз. Бұл заң жобасы ұлтқа жасалған қастандық және ұлтты екіге бөліп қараушылық деп түсінеміз.
2.Елбасының оралмандарды солтүстік аймақтарға орналастыру ойына келісеміз, бірақ бұл жағдай «Нұрлы көш бағдарламасын»-дай былыққа апармаса болғаны. Оралман қоныстанатын елді мекеннін мектеп, аурухана, жол, тоқ, ауыз су, пошта т.б қамтылуы, егістік, шабындық-жайылым жерлері берілуі, әрі өсімсіз қарыз, жұмыспен қамтылу жақтары мемлекеттік бағдарламалар негізінде қарастырылуы керек деп білеміз.

3.Бұрынғы ішкі істер министірлігіне қарасты көші-қон комитеті оралмандарға азаматтық және квота беру жұмысымен айналысқан.
Осы комитет азаматтыққа документ жинаған оралмандардан тұрғылықты елінің азаматтығынан шығып кел және сотталмады деген қағаз әкел деген сияқты қандастарымыздың түрған елінін заңына қайшы келетін, қисынсыз қағаздар талап етіп, оралмандардың азаматтық алуына кедергі жасап келді.Тағы да өтінеріміз – үкімет жанынан арнайы көші-қон агенттігі құрылып, оралманға қатысты барлық жұмыстар осы агенттікке жүктелсе.

4.Жат жұртағы 5миллион қандастарымыздың көбісі Қытай мен Өзбекстанда тұрады. Жақыннан бері, бұл елдерде қазақ тілді мектептер Қытай және Өзбек тілді мектептерге қосылып жіберілген сөйтіп, осы елдерде ұлтсыздандыру (ассемиляция) саясаты тез қарқын мен жүрілуде. Бұған біздер ерекше алаңдаулымыз.

5.Қазақстанға оралған қандастарымызға, тіркеуден бастап азаматтық алу және тағы басқа жақтардағы қағазбастылық жеңілдетсе. Израйль, Германия, Ресей мемлекеттеріде шетелдегі өз қандастарын көптеп шақыруда. Біздін қазақ үкіметі – неге қандастарын шақыру, азаматтық беру, көмектесу, бейімдеу жағында осы елдерден арттамыз? Олардың озық тәжірибелерін неге үлгі етіп алмасқа!

6.Шетелден келетін қазақ студенттеріне квота 2 пайыз (1400 оқушы) ғана, оны неге 5 пайызға көтермеске? Әрі олардың универстеттерде жүріп, азаматтық алуы қамтамасыз етілсе. Сөйтіп университетті бітіре сала жұмысқа орналасып кетуіне жол ашылса.

7.Қытайдың Үрімжі қаласынан Қазақстанның мәдени орталығы ашылса.

8.Елге оралған қандастарымыздың ішінде, жоғары білімді түрлі кәсіп иелері бар. Осы мамандарды жұмыспен қамту жолдары қарастырылса.

9.Ел президенті жылына бір рет, шетел қазағы уәкілдерін қабылдап олардың мұң-мұқтажын, талап–тілек, ұсыныстарын шешіп отырса.

10.Қазақта «Шымшық сойса да қасапшысы сойсын» деген аталы сөз бар, Көші-қон комитеті немесе Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының бірінші немесе екінші орынбасары сөзсіз елге оралған оралман өкілінен шыққан – жас, тәжірбиелі, батыл, зиялы азаматтардан болуы керек. Сонда ғана Көші-қон немесе «қауымдастық» жұмысына жан бітіп, шетелдегі қандастарымызбен байланысымыз тереңдейді. Әрі ата- жұртына, арып- шаршап оралған ағайынның талап-тілектерінің іске асуына мүмкіндік туып, құзырлы органдардың есігін тоздыратын ескі әдетті болғызбауға болады.

Жоғарыдағы аталған 10 түрлі мәселенің маңызы зор болғандықтан, жат жұрттағы – жаһандану заманында, ассимиляцияға ұшырау алдында тұрған 5 млн. қандасымыздың ұлт ретінде сақталып қалуына әрі ата - жұртына алаңсыз оралуына Қазақ үкіметінің көптеп көмектесуін, сонымен бірге қандастарымыздың азаматтық алуын барынша жеңілдеттілген түрде атқаруларын сұраймыз.

Республикалық «Отандас – Ел»
қоғамдық бірлестігінің
бас хатшысы
Қайрат Байтоллаұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338