Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2032 0 пікір 7 Қараша, 2013 сағат 05:16

Семейде игілікті жобалар жоғары қарқын алмай тұр. Неге?

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек САПАРБАЕВ Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде айтқан сын-ескертпелері мен тапсырмаларын орындау бойынша Семей қаласы активімен кездесу өткізіп, қаладағы бірқатар әлеуметтік нысандарда болды.

Ағымдағы жылы 11 қазанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысып, Үкімет пен жергілікті органдардың жұмысына бірқатар сын айтып, нақты тапсырмалар жүктеген-ді. Осыған орай облыс орталығында селекторлық кеңес өтіп, қалалар мен аудандар әкімдеріне, басқарма басшыларына міндеттер бекітілді. Елбасы сынынан қорытынды шығару бойынша өңірдегі қалалар мен аудандарда жоспарланған алғашқы жиын Семейде өтті. Жиынға қала активі, облыстық басқарма басшылары, қоғамдық ұйымдар өкілдері және бірқатар кәсіпорындар жетекшілері мен облыстық және қалалық мәслихат депутаттары қатысты.

– Өңірімізде үдемелі индустриялық-инновациялық бағдарламаға құны 600 млрд. теңгеден астам 32 жоба кірсе, оның ішінде 24 жоба іске қосылды. Қалғандары өз жұмысын толық қуатында жүргізе алмай отыр. Оның ішінде Семейде қолға алынған жобалардың сылбырлығы байқалады, – деді облыс Әкімі.

Облыс басшысы қала әкімі Айбек Кәрімовтің Семейдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебінен соң мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы туралы сұрады.

Айбек Кәрімовтің айтуынша, Семейде индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына 14 жоба енген. Алайда, соңғы кезде кабель өндірісі зауытына қатысты мәселе туындап отыр. Өйткені, аталған өнімге сұраныс аз. «Қазақстан темір жолы» компаниясымен жасасқан келісімшарт та өнімнің өтімділігіне даңғыл жол аша қойған жоқ.
Биыл қолжетімді тұрғын үй бағдарламасы бойынша 6 үй пайдалануға берілмек. Былтыр 75 мың шаршы метр тұрғын үй берілсе, ағымдағы жылы он айдың ішінде 50 мың шаршы метр үй салынды. Оның басым бөлігі – жеке тұрғын үйлер. Жыл соңына дейін тұрғындарға тағы 50 мың шаршы метр баспана беріледі. Аталған тұрғын үйлер «Энергетик» ауылында орналасқан.
Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы индексі 10 пайызға артты. Мал басы көбейіп, сақтау қоймалары іске қосылды. Канададан 1000 бас асыл тұқымды мал әкелінді. Жалпы есепте «Агробизнес – 2020» бағдарламасы бойынша 3 жоба іске қосылды.

Интеграциялық байланыстар да өрістеп келеді. Семей қаласымен іргелес жатқан Абай, Жарма және Бородулиха аудандарының ауыл шаруашылығы өнімдерін қала халқына делдалсыз жеткізу бағытында фермерлерге қала орталығынан жер телімі беріліп, өнімдерді саудалауына мүмкіндік жасалуда. Бұл ретте өнім бағасы базардағы нарықтан 14-15 пайызға арзан болады. Семейде осы мақсатта 5 нысан салу көзделіп отыр.
Сонымен қатар, көлік-логистикалық орталығын салуға ниет білдірген кәсіпкерлерге Алматы – Семей тас жолының бойынан жер телімі бөлінді. Қазіргі кезде аталған нысанның жобасы жасалуда.

Abai.kz
 
0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434