Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2787 0 пікір 4 Желтоқсан, 2013 сағат 09:59

Украина тағы бiр төңкерiстiң алдында тұр

Сенбiге қараған түнi Украина милициясының “Бүркiт” арнайы жасағы Киевтiң Тәуелсiздiк алаңында наразылық бiлдiрiп жатқан халыққа күш қолданып, тарқатты. Бiрақ полициямен қақтығыстан кейiн Еуромайдан күш алып, жалпыұлттық, мерзiмсiз ереуiл басталатынын жариялады. Елдiң бүкiл аймағында қарсылық штабтары құрылды. Ал таяуда ғана тазартылған Тәуелсiздiк алаңы қайтадан мыңдаған адамға толды. Украина президентiнiң Еуроодақ қауымдастығымен келiсiмге қол қоймағанына наразы жұрт Киевтегi әкiмшiлiк ғимаратын басып алды. Үкiмет үйiнiң алдында шеру ұйымдастырды. Ол ол ма, президент әкiмшiлiгi ғимаратына басып кiрмек болды.

Сенбiге қараған түнi Украина милициясының “Бүркiт” арнайы жасағы Киевтiң Тәуелсiздiк алаңында наразылық бiлдiрiп жатқан халыққа күш қолданып, тарқатты. Бiрақ полициямен қақтығыстан кейiн Еуромайдан күш алып, жалпыұлттық, мерзiмсiз ереуiл басталатынын жариялады. Елдiң бүкiл аймағында қарсылық штабтары құрылды. Ал таяуда ғана тазартылған Тәуелсiздiк алаңы қайтадан мыңдаған адамға толды. Украина президентiнiң Еуроодақ қауымдастығымен келiсiмге қол қоймағанына наразы жұрт Киевтегi әкiмшiлiк ғимаратын басып алды. Үкiмет үйiнiң алдында шеру ұйымдастырды. Ол ол ма, президент әкiмшiлiгi ғимаратына басып кiрмек болды.

Украина билiгiнiң сенбi күнгi алаңды тазалауын Еуроодақ елдерi қатаң сынға алды. “Бүркiт” жасағы адамдарды таяқпен сабап, соқ­қыға жықты. Зардап шеккендер туралы дерек әртүрлi. Денсаулық сақтау де­партаментiнiң дерегiнше, екi күннен берi жалғасып жатқан қақтығыстар кезiнде 169 адам медициналық көмекке жүгiнген. Ал Украина iшкi iстер министрлiгiнiң мәлiметiнше, 75 құқық қорғаушы зардап шектi.
Бұл – 2004 жылғы сарғылт-қызыл революциядан кейiнгi ең iрi наразылық акциясы. Бұрнағы күнi Еуроинтеграцияны қолдайтын жүз­деген наразы адам үкiмет үйi мен ұлттық банктiң кiреберiс есiктерiн жауып, жолды бөгеп тастады. Олар үкiмет пен президенттiң отставкасын талап етуде.
Ал жексенбi күнi шерушiлер басып алған Крещатик көшесiндегi Киев қалалық әкiмшiлiгiн босататын түрi жоқ. Жергiлiктi ақпарат құралдарының хабарлауынша, олар Киев мэрi Александр Поповты өз каби­ынетiне қамап тастаған. Құқық қорғау органдары шерушiлер ғимаратты өз еркiмен босатсын деген талап қойды. Алайда әкiмдiктiң есiк-тере­зелерiн жиһаз, қоймадан алынған тұз қаптарымен жауып тастаған наразылар оған құлақ аса қоймады. Сондай-ақ, наразылық шеруiне шыққандар әкiмдiктен бөлек Тәуелсiздiк алаңындағы кәсiподақтар үйiне де орнықты.
Ақпарат агенттiктерiнiң дерегiн­ше, зардап шеккендердiң саны 170 адамға жеттi, 140 милиция өкiлi мен 40 журналист жарақат алған. Сен­бiден берi билiк төтенше жағдай енгiзу туралы сөз қозғаса, кеше бұл мәселенi қарастырмаймыз деп қа­йырды.
Киевтегi митингiнi Украинаның өзге аймақтары да қолдап жатыр. Митингiге Львов, Ивано-Франковск және Тернополь облыстары қосылды.
Жексенбi күнi кешкiлiк шерушiлер Украина президентi әкiмшiлiгiнiң ғимаратын басып алмақ болды. Оларды құқық қорғаушылар әрең дегенде тоқтатты. Соған қарамастан, наразылық бiлдiрушiлердiң бiр тобы милиция қоршауын бұзып өтуге әрекет жасады. Тiптi файерлер лақтырып, экскаватор қолданбақ болды. Бұдан сескенген “Бүркiт” жасағы шулы гранаталар мен көзден жас ағызатын газ қолданды.
Бiрақ Януковичтiң Еуроинтеграцияға бет алмағанына наразы оппозиция өкiлдерi президент әкiмшiлiгiн басып алмақ әрекетiне ешқандай қатысы жоқ екенiн айтып, мәлiмдеме жасады. Олардың ойынша, билiк Еуромайданды осындай жолмен таратпақ. “Удар” қозғалысының жетекшiсi Виталий Кличко президент әкiмшiлiгi орналасқан Банковая көшесiне барып, шерушiлер мен милицияны сабырға шақырды. Оппозиция өкiлдерi билiк осындай арандатушылар арқылы наразылықты басып, елде төтенше жағдай жарияламақ деген пiкiрде. Кейбiр ақпараттар бойынша, Янукович жексенбi күнi қала сыртындағы резиденциясында күштiк құрылым жетек­шiлерiн жинап алып, кеңескен.
Киев соты 1 желтоқсан мен 7 қаң­тар аралығында Тәуелсiздiк және Еуропа алаңында жиын өткiзуге ты­йым салғанына қарамастан, ондаған мың адам жексенбi күнi милиция қорша­уын бұзып өтiп, алаңға қайта келдi. Милиция олармен қақтығысқа бармай, алаңнан кетiп қалды.
Наразылық жиындарында сөз сөйлеген оппозиционерлер – Арсений Яценюк, Виталий Кличко мен Олег Тягнибок елде кезектен тыс президент және парламент сайлауларын өткiзу жөнiндегi талаптарын қойды. Оппозицияның мәлiметiнше, көшеге 1 миллионға жуық адам шыққан. 1 желтоқсан күнi алаңға жиналған ондаған мың адам “Революция!” деп ұрандады.
Алайда Украина үкiметi отставкаға кетпейтiнiн мәлiмдедi. Бiрақ кейбiр министрлер оны үкiметтiң өзi емес, Жоғарғы рада шешетiнiн айтты. Жоғар­ғы рада бұл мәселенi бүгiн қарамақ.
Сарапшылар Украинадағы наразылықтың арты бiрте-бiрте үкiмет пен президенттiң отставкаға кетуiне әкеп соқтырады деп есептейдi. Себебi   В.Януковичке қарсы ақпараттық соғыс басталды. Әлеуметтiк желiлерде Киев әуежайынан үкiмет мүшелерiнiң отбасылары чартерлiк рейстерге дүние-мүлкiн тиеп алып, қашып жатыр деген ақпарат гулеп тұр.
 
Елнұр БАҚЫТҚЫЗЫ
"Жас Алаш" газеті
0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5417