Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2777 0 пікір 6 Желтоқсан, 2013 сағат 07:51

«KazFarnch-2013» көрмесі өтеді

«Интерконтиненталь» қонақүйі, Ballroom

«Интерконтиненталь» қонақүйі, Ballroom

2013 жылғы 10 желтоқсанда, Алматыдағы «Интерконтиненталь» қонақүйінде (Тимирязев пен Желтоқсан көшелерінің қиылысы) «KazFarnch-2013» көрмесі өтеді. «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ қолдауымен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және Еуразиялық франчайзинг қауымдастығы бірлесе ұйымдастырып отырған шараға ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, ҚР Өңірлік даму министрлігі, «Атамекен» Одағы» Ұлттық экономикалық палатасы мен Алматы қаласы әкімшілігінің өкілдері қатысады. «KazFran-2013» шарасы барысында кәсіпкерлер, франчайзерлер, шағын және орта бизнестің дамуына мүдделі ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар, екінші деңгейлі банктер мен БАҚ өкілдері бас қосады. Дөңгелек үстелдері, тақырыптық презентациялар, брендтар шоуы өтеді. Ондағы мақсат франчайзилерді іздеу, ұсыну және осы салада жұмыс істейтіндермен өзара тәжірибе алмасу. Жиында еліміздің әр саласындағы ең үздік, отандық франчайзингтік компаниялар өз франшизасын көрсетеді. Шараның мақсаты – Қазақстан Республикасы аумағында франчайзингтік қарым-қатынастың тиімді дамуына ықпал ету және отандық франчайзингті дамыту. Франчайзинг – бұл, ірі компанияның өз фирмалық таңбасы мен лицензиясын белгілі кезеңге өзге өндірушілерге ақылы түрде беруі. Экономикасы дамыған елдерде коммерциялық субъектілердің 50 пайызы, өндірістік саладағылардың 30 пайызы қызмет көрсету және бөлшек сауда саласында франчайзингті пайдаланады. Бүкіл әлемде франчайзингтік қарым-қатынастың қарқынды дамуы байқалуда. Ал Қазақстанда қазіргі таңда орта және шағын бизнес субъектілерінің тек 4 пайыздайы ғана франчайзингтің игілігін көріп отыр. Франчайзингті дамыту кәсіпкерлерге ғана емес, мемлекетке де тиімді. Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясында Ұлттық экономиканың жетекші күші саналатын кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау туралы баса айтқан болатын. Стратегиялық құжатта 2030 жылға қарай шағын және орта бизнестің үлесі кемінде екі есеге артатыны да айтылған.

БАҚ-пен байланыс үшін: +702-474-55-51, +777-477-76-77 Ерлан Джурынбаев

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5411