Сейсенбі, 29 Қазан 2024
Жаңалықтар 2305 0 пікір 7 Қараша, 2013 сағат 09:11

Қос облыс жәрмеңкесі

Демалыс күндері Астана қаласының орталық алаңында қалалық әкімдіктің алдында Ақтөбе және Маңғыстау облыстарының тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Ақтөбе облысының өндірушілері жәрмеңкеге 120 тоннадан астам өнім әкеледі. Жәрмеңкеде облыстың 12 ауданынан және Ақтөбе қаласынан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қайта өңдеуші кәсіпорындар қатысады. Өнімді сату үшін 86 сауда орны құрылады. Жәрмеңкеде қала тұрғындарына 50,0 тонна еттің барлық түрі, 12 тонна балық, 35 тонна картоп пен көкөніс, 2 тонна сүт өнімі, 5 тонна өсімдік майы, 5 мың дана жұмыртқа, 3 тонна шұжық өнімдері, 20 тонна басқа да өнімдер ұсынылады. Бұдан басқа, «Ардағым» шаруа қожалығы бекіре тұқымдас тірі балықтар әкеледі. «Айс» ЖШС сүт өнімдерін, «Рамазан», «Ақтөбе астық өнімдер комбинаты» және «Ақтөбе-нан» ЖШС ұн, макарон өнімдерін, «Степное», «Рокос» ЖШС шұжық өнімдерін жеткізеді.

Іс-шара барысында Ақтөбе облысының әртістері, әншілері мен би ұжымдары дайындаған концерттік бағдарлама қойылады.

Жәрмеңке қонақтарына арнап 4 киіз үй құрылады, Ақтөбе қаласының Әйтеке би, Мұғалжар және Алға аудандарының халықтық қолөнер шеберлерінің бұйымдары сатылады.

Өз кезегінде, Маңғыстау облысының өндірушілері елордаға 60 тоннаға жуық түрлі өнім әкеледі. Атап айтқандаа, 10 тонна ет, 10 тонна балық, 1 тонна қазақ ұлттық тағамдары, мысалы, құрт, балқаймақ, ірімшік, 30 тонна көкөніс, сондай-ақ 9 тонна сүт пен қышқыл сүт. 

Орталық алаңда «Ақжарма» фольклорлық ансамблі, «Жорға» би ансамблі, «Әуен» вокалдық тобы, «Молодость» джаз ансамблі, «Керуен» квартеті және т.б. өңірдің шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді.

Осы күні ҚР Ұлттық кітапханасында Маңғыстау облысының әкімі А.Айдарбаевтың және елорда әкімі И.Тасмағамбетовтің қатысуымен 50 томдық басылым - маңғыстаулық ақын-жазушылардың үздік шығармаларының «Маңғыстау ақын-жазушылары» атты жинағының тұсаукесері өтеді. Ал 10 қарашада сағат 15.00-де Конгресс-Холлда Маңғыстау өлкесі халық өнерінің тақырыптық көрмесі және аймақтың өнер шеберлерінің гала-концерті өтеді.

0 пікір