Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
Жаңалықтар 2159 0 пікір 15 Қараша, 2013 сағат 13:39

Маңғыстау облысы үздік үштікте

Бүгінде Маңғыстау облысында елдің 13 пайызға жуық өнеркәсіптік өнімі шығарылады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында аталған облыстың әкімі Алик Айдарбаев мәлім етті.«Соңғы 3 жылда өнеркәсіптік өнім көлемі 1,3 есеге өсіп, 2 трлн. 170 млрд. теңгені құрады. Ағымдағы жылы 1,7 трлн. теңгенің өнеркәсіптік өнімі шығарылды»,-деді өңір басшысы. Белгілі болғанындай халықтың жан басына шаққандағы инвестиция көлемі бойынша елімізде Маңғыстау облысы үздік үштікке еніп отыр. 2012 жылы бұл көрсеткіш 698 мың теңгені құрап, орташа республикалық көрсеткіштен екі есеге асты.

0 пікір