Сенбі, 23 Қараша 2024
Тұлға 2778 5 пікір 22 Сәуір, 2024 сағат 16:26

Қазақтың ұлы ғалымы – Қаныш Сәтбаев

Сурет: e-history.kz

Биыл қазақ даласының ұлы перзенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толып отыр.

Қаныш Сәтбаев – алгебрадан мектеп оқулығының алғашқы құрастырушысы, тұңғыш кәсіби тау-кен инженері, ғалым-геолог, Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушы және тұңғыш президенті, Қазақстандағы алғашқы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, еліміздегі ғылымның негізін салушылардың бірі, мемлекет және қоғам қайраткері.

Оның есімі өзі ұзақ жылдар жетекшілік еткен ҚР Ұлттық ғылым академиясының геологиялық ғылымдар институтына, Алматы, Балқаш, Семей т.б. қалалардағы көшелерге, кіші планетаға берілген. Қаныш Имантайұлының құрметіне Жоңғар Алатауы, жотасындағы мұздық пен шың, Қаратаудағы ванадий кен орны рудаларында табылған “Сатбаевит” минералы “Академик Сәтбаев” гладиолус гүлі аталған.Жезқазған кен-металлургия комбинатын, Қарағанды мен Балқаш металлургия зауыттарын, Ертіс-Қарағанды арнасын салу, Маңғыстау, Мұғалжар, Торғай өңірлерінің табиғи байлықтарын анықтау жөнінде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, республикамыздың ірі минералдық шикізат қорларын – Кенді Алтайды, Қаратау фосфоритін Қостанай мен Жезқазған – Ұлытау өңірлеріндегі темір, марганец, т.б. көптеген кен орындарын игеру Сәтбаев есімімен тығыз байланысты.

Академик Қаныш Сәтбаевтың баға жетпес үлесі – ғылыми мәдениет пен ғылымда методологиялық әдістерді орнатуы. Сондықтан да ұлы ғалымның есімі қазақ халқының тарихында алтын әріппен жазылған. Халқымыздың рухани өміріндегі ерекше ұлы тұлға Қаныш Сәтбаевтың есімі халқының жанында мәңгі сақталмақ.

Қаныш Имантайұлы іске асырған іргелі жобалар еліміздің экономикалық жағдайына күні бүгінге дейін оң ықпал етуде және маңызы ешқашан жойылмақ емес.

Бағлан Ташимов

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5375