Сейсенбі, 1 Сәуір 2025
Абай мұрасы 2396 3 пікір 24 Сәуір, 2024 сағат 15:40

«Бай баласы» деп атылған Мекайыл Абайұлы

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» миемлекеттік қорық-музейі Мекайл Абайұлының суретін жариялапты. Биыл Мекайыл Абайұлының дүниеге келгеніне 140 жыл толады.

Сурет: Абайдың «Жидебай-Бөрілі» миемлекеттік қорық-музейіне тиесілі

Суретте: Мекайыл Абайұлы (1884-1931)

Абайдың Әйгерімнен туған баласы. Арабша, орысша сауатты болған. Абай өлеңдерін түгелдей жатқа білген. Домбыра тартып, ән салып, әкесі жайлы білгендерін ел ішінде әңгіме етіп, халыққа таратқан. М.Әуезов жас шағында Мекайылдың аузынан Абай туралы естеліктерін көп естіген.

Ағасы Турағұл ауылымен бірге Ақшоқы маңайын, Тышқан деген жерді мекендеген. 1931 жылы бай баласы ретінде ұсталған. Сол жылы Семейде Түйемойнақ аралында атылған. Оның Құзайыр, Әлішер деген балалары Екінші дүниежүзілік соғыста қатысып қаза тапты.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 59
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 6