Жексенбі, 21 Маусым 2026
Жаңалықтар 1379 0 пікір 8 Мамыр, 2026 сағат 15:06

Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды

Сурет: Kursiv.kz сайтынан алынды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Қызылорда облысы әкімі қызметіне Мұрат Ергешбаев тағайындалды.

1966 жылы Қызылорда қаласында туған Ергешбаев 2023 жылдан бері мәжіліс депутаты болған. Ал оған дейін Қызылорда облысында Қармақшы, Шиелі, Қазалы және Сырдария аудандарының, Қызылорда қаласының әкімі қызметтерін атқарған.

6 мамыр күні облысты басқарып келген Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалған. Ал ол қызметтегі Роман Скляр президент әкімшілігінің жетекшісі болып бекітілді. Президент әкімшілігін басқарып келген Айбек Дәдебай 7 мамыр күні "Әділет" партиясының құрылтай съезінде партия төрағасы болып сайланды.

Abai.kz

0 пікір