Дүйсенбі, 12 Мамыр 2025
Билік 2298 0 пікір 25 Сәуір, 2024 сағат 18:54

Тоқаев Қытай Қорғаныс министрін қабылдады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы ҚХР Қорғаныс министрі Дун Цзюньді қабылдады, деп хабарлайды Abai.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қытай Халық Республикасының Қорғаныс министрі Дун Цзюньге ілтипат білдіре отырып, оның тату көршілік, достық қатынастарды және өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Біз Біріккен Ұлттар Ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес шеңберінде конструктивті диалог құрып, бір-бірімізге қолдау білдіріп келеміз. Сондай-ақ Қытайдың дүниежүзілік дамуға, жаһандық қауіпсіздік пен өркениетке қатысты ұсынған бастамаларын жоғары бағалаймыз әрі қолдаймыз. Бұл бастамалар әлемдегі қауіпсіздіктің қазіргі жүйесін нығайтуға оң үлес қосады деп санаймын, – деді Президент.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дун Цзюнь бітімгерлік, білім және әскери-техника салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін жеткізді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2171
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 3833