Елбасының Ақтауға сапарынан үзік сыр
Елбасын теледидардан көру бір бөлек те, кездесу, қатар тұру, сөзін естудің әсері мүлдем өзгеше екендігін сол сәтте сезіндім. «Мемлекет басшысы Ақтауға келеді» деген хабар жетісімен біздің №8 орта мектеп ұжымы да қызу дайындыққа кірісті. Пән емтихандарын кілең «бес» деген
бағаға тапсырған мен көңілім көтереңкі, бір топ достарыммен бірге таңдаған мамандық, Ал-
маты сапары жайлы сөйлесіп тұр едім, «директор шақырып жатыр» деген хабар жетті. Мектеп басшысының кабинетінде бір топ ұстаздарым қоршап алып: «Әлібек, Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесетін болдың, ертеңнен бастап дайындыққа кірісесің»,- деді.

Мемлекет басшысы Ақтауға 2005 жылдың 25 мамыры күні келді. Нұрекең жадырай күліп, бірінші сынып оқитын бүлдіршінді көтеріп тұр... Абай атындағы Мәдениет сарайының алдына жиналған
көпшілік те көңілді. Ертең үлкен сапарға аттанғалы отырған мектеп түлектерінің жүзі қуаныштан бал-бұл жанады. Елбасы сөйледі, «елдің мақтан етер азаматы болыңдар, жолдарың болсын!..» деген болуы керек, жүрегім дүрс-дүрс соққан мен бірін естіп, бірін естімеймін. Салтанаттың ажары болып қатар түзеген мектеп оқушылары мереке сәнін аша түскендей. Президент бір сәт
маған бұрыла берді. Жүзі нұрға толы... №1 орта мектептің 1-сыныбында оқитын ақбантик қызды көтеріп алып, алаңды айналып бара жаттым... Содан бері сегіз жыл өте шығыпты-ау.
Алматыдағы политехникалық университетті инженер-электрик мамандығы бойынша бітіріп, бүгінде «Маңғыстауэнергомұнай» кәсіпорнында жұмыс жасап жатырмын. «Нұрекең көтерген ақбантик қыз қайда жүр екен?» деп кейде ойлап қоямын.