Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 13785 0 пікір 11 Желтоқсан, 2013 сағат 04:50

Орта Азиялық саяси режимдер: елес демократия ма, өтпелі авторитаризм бе?

Кіріспе

Саяси жүйе және саяси режим тұрпатында Орта Азиялық мемлекеттердің ұқсастығы мен жекелеген айырмашылығы айтарлықтай. Қазіргі «трансформация», «транзит», «өтпелі кезең» саяси құрылымының жаңаруына алып келу ықтималдығы жоғары ма әлде мүмкіндігі жоқ па бұл саяси жүйе құрылымындағы басты мәселе.

Орталық Азиядағы саяси режим бүгінгі мерзімге дейін кеңестік саяси басқарудың өзгеше бір түрі ретінде айтарлықтай өзгерістер жүзеге асқан, конституциялық жаңартулар мен толықтырулар, сөз бостандығы мен цензура, ашық және әділетті сайлау өткізуге тырысу немесе сөз еркіндігін шектеу, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын аяққа таптау, саяси репрессия, жемқорлық, теңсіздік т.б. екі жақты кең көлемді өзгерістер бүкіл жиырма екі жыл бойғы жалғасуда.

Кіріспе

Саяси жүйе және саяси режим тұрпатында Орта Азиялық мемлекеттердің ұқсастығы мен жекелеген айырмашылығы айтарлықтай. Қазіргі «трансформация», «транзит», «өтпелі кезең» саяси құрылымының жаңаруына алып келу ықтималдығы жоғары ма әлде мүмкіндігі жоқ па бұл саяси жүйе құрылымындағы басты мәселе.

Орталық Азиядағы саяси режим бүгінгі мерзімге дейін кеңестік саяси басқарудың өзгеше бір түрі ретінде айтарлықтай өзгерістер жүзеге асқан, конституциялық жаңартулар мен толықтырулар, сөз бостандығы мен цензура, ашық және әділетті сайлау өткізуге тырысу немесе сөз еркіндігін шектеу, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын аяққа таптау, саяси репрессия, жемқорлық, теңсіздік т.б. екі жақты кең көлемді өзгерістер бүкіл жиырма екі жыл бойғы жалғасуда.

Соған сәйкес түбегейлі екі жақты пікір қалыптасты: бірі аймақтағы мемлекеттердің даму эволюциялық үдеріс, авторитарлық басшылық міндетті түрде трансформацияланады және жаңа түрлі режим түріне ауысады, бұл уақыттың еншісінде, айтарлықтай өзгерістер жүзеге асуы күрделі мәселе, бірақ та бұл өзгерістер алға жылжытатын қадам болады; екіншісі авторитарлық басшылық күшейген сайын режим барынша күшейтілген билік бір орталыққа бағындырылған, саяси бәсекелестік орындалмайтын түрге жетті. Жиырма екі жыл аралығында Өзбекстан мен Қазақстанда саяси жүйе тұрақты арасындағы дүрпілістермен бір билеушімен басқарылып келе жатыр, Түркменстандағы «тоталитаризм» неоавторитарлық режимге өтуде, Тәжікстандағы басшылық өз билігін барынша күшейтуді жалғастыруда, «демократия аралы» тұрақсыздықтар арқылы саяси бәсекелестік дамыған мемлекетке айналуды көздейді.

Мемлекеттердің басқарылу тетіктерінде туындаған мәселелер түгелдей саяси жүйеге келіп тіреледі. Мемлекетті жеке саяси жүйе ретінде қарастырсақ, саяси режим басқа саяси құрылымдардың ең басты бөлшегі. Осыған орай, саяси режимнің қозғалыс динамикасын анықтау алдағы маңызды өзгерістердің жүзеге асырылу ерекшеліктеріне тиісті бағдар береді.

Орталық Азия мемлекетерінде Қырғызстаннан басқа, авторитарлық режимнің түрін анықтау бойынша түрлі пікірлер мен зерттеулерге толы. Алайда барлығы дерлік шектен тыс сыналған зерттеулер (арнайы позицияны көздейтін), көбіне шет елдік,  ал жергілікті зерттеушілер бұл тақырыптарды барынша зерделеп көрсету біршама қиынырақ, тіптен жоқ, сыни конструктивті пікірдегі еңбектер де таба аласыз, бірақ сиректеу.

 

«Гибридтегі режим» мен «имитациялық демократия»

Төменде Орта Азиялық авторитаризм түрін анықтауға арналған зерттеулерге талдау жүргізілген, құраушы бөліктер арқылы ортақ ұқсастықтар мен біріктіруші жиынтық анықталынады.

Жоғарыда аталған аймақ мемлекеттеріне тән авторитаризмнің түрі- электоралды авторитаризм, яғни сыртқы әлемге сайлаудың өтіп жатқандығын[1] және «демократиялық» мемлекет ретінде танылуда, «гибридтегі режим» немесе «жетілмеген демократия» түріне де жатқызады Демократиялық институттардың «шартты» түрде қызмет атқаруы шынайы демократиялық басқару түріне жақындығын білдірмейді. Орталық Азиядағы төрт мемлекет үшін бұндай институттардың қызмет атқаруы ішкі саяси билікті барынша тепе-теңдікте ұстап тұру үшін қажет болса, басқа жағынан сыртқы саяси имидж бен батыстық инвестиция үшін қолжетпес құрал болып есептеледі.

Ресейлік әлеуметтанушы Д. Е. Фурман барлық посткеңестік мемлекеттердегі режим түрінің бір-бірінен айырмашылығы бар, алайда басты ұқастығы «имитациялық демократия», демократиялық болып көрінген авторитарлық режим.[2] Кеңес Одағы құлағаннан кейінгі жалғыз дамудың прогресі Батыс болып көрінді, сондықтан да демократиялық құндылықтар жалғыз осы мақсатта енгізілген секілді. «Электоралдық немесе жетілмеген демократия» тиісті көзқарас туғызу үшін қолданылса, «имитациялық демократия» саяси жүйені жедел орындалып жатқандығын көрсетуге арналған.

Келесі зерттеуші Орталық Азиядағы авторитарлық режимді жіктеудің алғашқы түрі ретінде жұмсақ және қатты етіп бөледі: қатты түріне - Өзбекстан, Түркменстан (неототалитарлы) жұмсақ түріне - Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстанды жатқызады. Авторитаризмнің екінші түрінің біріншісінен басты айырмашылығы қатысты деңгейдегі БАҚ пен ҮЕҰ бостандығы.[3]

Стивен Левитский болса, «гибридтелген режимнің» маңызды түрлерінің бірі ретінде «бәсекелестікті авторитарзимді» атайды, саяси жүйенің ашықтығы қамтамасыз етілуге даяр, демократиялық үдрерістер өткенімен олар әділетсіз. Өкінішті-ақ, Орта Азиялық мемлекеттердің (1995-2005) «бәсекелестікті авторитарлық» режим түріне жатқызыла алмайды, себеп- демократиялық үдерістердегі саяси бәсеклестік жоқ болуына орай әділеттіліктің болуы екіталай.

Оған қоса, Freedom House құқық қорғаушы ұйымының «2013 ж. –өтпелі кезеңдегі мемлекеттер» деп аталатын зерттеуінде Орталық Еуропа мен посткеңестік 29 мемлекет қарастырылады, соның ішінде Орталық Азиядағы, Қазақстан, Өзбекстан, Түркменстан «Бекітілген авторитарлық режимдер» деген санаттағы мемлекеттерге қосылды. [4]

Байқағанымыздай, аймақ мемлекеттерін демократияға өтуші немесе жасандылық басым демократия түрінде көрсетіледі Демократиязация үдерісі орындалып жатқан немесе айтарлықтай өзгерістер орын алған мемлекеттер ретінде көрсетіле алмайды. Нәтижесінде зерттеуге алынған мемлекеттер бойынша Орталық Азия елдері басқарудың бұл тетігі орнығуына орай көптеген сәйкеспеуішіліктер мен күрделіліктер тән.

 

Орталық Азиядағы «мәңгілік» саяси режим

Батыстық зерттеушілер немесе Орталық Азия аймағын зерттеуші ұйымдар және т.б. тарапынан аймақтағы режимнің түрін барынша сыни сипатта көрсететін жақтары басымдық береді. Кеңес Одағы кезіндегі тоталитарлық идеологиялық басқарудың қаншалықты жоғары дәрежеде болғандығын дәлелдейді. Соған байланысты бұл режимнің келесі түріне трансформация да соншалықты күрделі болады.

Шығыс Еуропа, Латын Америкасы, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінде де авторитарлық билік орнықты, соған қарамастан алға жылжулар айтарлықтай байқалады. Ал Орталық Азия мемлекеттерінде жағдай қалай қалыптасуда? Мемлекет басшысы ауысқан мемлекеттердің өзінде тұрақтылық пен демократияның басты құндылықтары орнамады.

Біріншіден, Шығыс Еуропа мен Орталық Азия аймағандағы мемлекетер арасында алдыңғысында саяси жүйенің ашықтығы мен алға жылжытушы қадамдары басым, себеп ретінде Шығыс Еуропа мемлекеттерінің ЕО кіруінің шарттары ретінде демократиялық мемлекет пен азаматтық қоғамның дамыған түрі қажет болды, Латын Америкасындағы әскери диктатура ұзақ жылдар бойы мемлекетті биледі, халықтың басым көпшілігі шаршады, тиісінше ауыстырудың кезеңі жетті. Яғни кең көлемді ұзақ уақыт алатын мәселе осыны көрсетті. Оңтүстік Шығыс Азия мемлекеттері авторитарлық режимдегі мемлекет деп танылғанымен, экономикалық өсімі жоғары болды, бұл анықтамаға сәйкес келетін авторитаризм деп атауға болмайды, шығыс қоғамындағы басқарудың ерекешелігі ретінде қарастыра аламыз.

Екіншіден, бұл туыстық және патрон-клиенттілік қарым-қатынастар саяси жүйенің ажырамас бөлігі болып саналады. Бұл қатынастар қоғам үшін ашық сипатта емес, сондықтан да анықтау да күрделі. Орта Азия мемлекеттерінің арасында осындай қатынастардың арасында белгілі бір айырмашылықтары да бар. Қазақстан көшпелі өркениет негізінде қалыптасқан мемлекет болғандықтан, туған-туыстық, рулық қатынастар аса күшті, ал Өзбекстан мен Тәжікстан отырықшы өмір салтын жүргізгендіктен бұл қатынастар біршама әлсіздеу, аймақтық бөлінісіндегі байланыстары аса күштірек. Өзбекстанда патрон-клиенттілік қарым-қатынастар толықтай сақталуда.[5] Қырғызстан аймақтық негізде бөлінген мемлекет болса, Түркменстан 24 тайпадан тұрады және басшылық тек билеуші тайпадан ғана сайлана алады. Жалпы Орталық Азия мемлекеттерінің барлығында рулық және отбаслық байланыстар басты шешуші фактор болып есептеледі. Аграрлық –индустриалдық қоғамда отбасылық және рулық байланыстары жеке индивидуалдық байланыстарға қарағанда аса басым болды. Бұл дамудың жоғары дәрежеде болмауына, жеке байланыстардың кері жақтары басым екендігін байқатады.

 

Бөтен демократия

Зерттеуші А. Куртов, Орталық Азия мемлекеттеріндегі саяси дәстүр мен саяси мәдениет орныққан аймақ ретінде мемлекет басшылары демократияны оған жат құбылыс ретінде есептейді. Дегенмен, жасанды ендірілген демократия саяси элита тарапынан басталған тарапта енгізілсе онда өзінің жемісін береді. Мәселен, АҚШ 1776ж. Тәуелсіздік Декларациясын қабылдағаннан кейінгі демократияға бағытталған іс-шаралардың барлығы примитивті болды және оны қабылдау халық тарапынан күрделі жүзеге асырылды[6]. Жергілікті сарапшылар халықтың саяси санасы бүгінгі таңда пісіп-жетілмегендігін алға тартып демократияландырушы іс-шаралар қабылданғанмен ақырында кері немесе араласқан нәтиже беретіндігіне сенімді. Бұған себеп жоғары басқарудың бір басшының қолында шоғырлануы нәтижесінде өзгерісті қадамдар жүзеге аспайды. Қарапайым халық Кеңес Одағы мезгіліндегі тоталитарлық басқаруды сіңіргендіктен қазіргі балама жақсырақ немесе экономикалық даму тұрғысына келгенде Кеңес Одағы пайдалырақ деп есептейтіндері де баршылық. Патриархалды саяси мәдениет элементтері басым шығыс қоғамы үшін батыстық демократияландыру жат құбылыс ретінде қарастырылғанымен, жергілікті аймақтық ерекшеліктерді ескерген түрінің экономикалық-саяси, әлеуметтік, мәдени серпілісі үшін қажеттілігі зор. Шығыс Азия мемлекеттеріндегі (Малайзия, Сингапур) авторитарлық басқару түрі экономикалық өсімнің жоғары түрімен сипатталды. Яғни авторитарлық режимдегі мемлекеттердегі экономикалық даму көрсеткіштері төмен болады деген тұжырымға сәйкестенбейді. Авторитарлық режимнің түпнегізі экономикалық дамудан жеке қарастырылатын кездері де болады.

Демократия жат құбылыс ретінде қарастыру саяси мәдениет өзгерісі мен өсімі турасында бекітілген дәйек емес. Осы тұрғыда оның бекітілу немесе орнығуы жүзеге асырылатын кезең болады деп сеніммен айту әлі де ерте.

 

«Орталық Азиялық көктем»

«Араб көкетмінен» кейін Орталық Азия мемлекетеріндегі әлеуметтік қозғалыстардың болуы мүмкіндігін зерттеуші доктор Андреа Шмитц «Араб көктемінің» негізгі себебі ретінде авторитарлық билік, жемқорлық, әлеуметтік мәселелерді атайды. Екіншіден жаңа коммуникациялық және ақпараттық құралдар өзінің әсері басым. Сонымен қатар Араб көктемі бұл мемлекеттерде азаматтық қоғам қалыптаспаса жүзеге аспаған болар еді.[7] Орталық Азия мемлекеттерінде жоғарыда аталған мәселелердің барлығы да бар. Алайда жаңа ақпараттық технологиялардың дамуы мен қалыптасқан азаматтық қоғам жеткілікті деңгейде емес. Себебі, жаңа ақпараттық технологиялардың дамуы шектеледі немесе инновациялық даму деңгейі әлі жоғары емес, ал азаматтық қоғам қазақстандық зерттеуші Ю. Булуктаевтың айтуынша «жеке бастама көтеретін экономикалық дербес тұлғаны» [8] көрсетеді. Түп негізде барлық негіз экономикалық дамудан келіп шығады. Ал бұл даму Орталық Азия мемлекеттерінде төмен. Араб мемлекеттерінде болып өткен әлеуметтік жарылыс барысында мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері алдыңғы қатарда және ешқандай да наразылықтар мен қарсыласулар болатындығы туралы жоспарланбаған. Шынайысында наразылық пен қарсыласулар білімі жоғары, жаңа ақпараттық құралдардың кең тараған мемлекеттерде орын алатындығын көрсетуге болады. Алайда көптеген сарапшылар Орталық Азияда екінші араб көктемі қайталанбайды деген болжамы саяси тұрақты мемлекеттерді емес, дамудың кенже қалғандығының көрсеткіші.

Келесіден сәтті тәжірибие әлі де болса аз, Араб мемлекеттеріндегі революция нәтижесінде биліктің ауысуы 50-60ж. революциялардың нәтижесінде құлатылған соның орнына қайта орнаған режимдерді көрсетеді. Орталық Азия мемлекеттеріндегі қарсылыққа шығу немесе  наразылық білдіру мақсатында ұйымдастыру деңгейін төмендетуге тырысады, әскери бір басшының билігіне қарағанда артықшылық танытпайды, бұл ретте Орта Азиялық мемлекттері қорғаныс саласына азаматтық сала мамандарын қою да бекер емес (Қазақстан), ұзақ мерзім аралығындағы қызмет саласындағы жаңамен алмастыру бұл саланы күшейту мақсатында (Тәжікстанда 1995 ж. ҚІМ орнына жаңа басшының тағайындалуы) тағайындалы.

 

Түркменстандық «жаңа авторитаризм» мен Өзбекстандағы «қатты авторитаризм»

Түркменстан барлық Орта Азия мемлекеттермен салыстырғанда барынша репресивті күшейтілген авторитарлық басқару түріне жатады. Түркменстанның жүргізіп отырған саясатына байланысты ондағы жағдаймен танысу да күрделі, соған орай сапалы зерттеулер де аз.

КСРО ыдырағаннан кейін Түркменстан басшысы болып сайланған Сапармұрат Ниязов бірден алдыңғы коммунистік мұрадан бас тартты, мемлекет тәуелсіздігі жариялағаннан кейін «демократиялық партия» құрылды, Орталық Азия мемлекеттері ішінен алғашқылардың бірі болып 1992 ж. «Он жылдық гүлдену» бағдарламасы қабылданды[9]. Бастапқы қалыптасу жылдарында жекелеген биліктің күшейтілген түрде болмағандығы даму келешегін қияли түрде көрсетті. Түркменстандағы Сапармұрат Ниязовтың жеке диктурасы жеке билікке қауіп төндіруші элиталық құрамды тазартудан басталды. Президент қызметіне сайланғаннан кейін мемлекет басшысы күштік құрылымдар, президент әкімшілігі, жеке қауіпсіздік әскері, экономика саласындағы бақылаушы орындарға ие топтарды қызметінен алып тастады. Билік толықтай орталықтанды, алайда президенттің кенет өлімі көптеген сарапшылар тарапынан болжанған мемлекеттегі төңкеріс немесе басқа да қантөгіске алып келмеді, керісінше кезекті авторитарлық билік басшысына билік барынша бейбіт жолмен өтуін көрсетті. Конституция бойынша мемлекет басшысы қызметін атқарушы Мәжіліс (Парламент) төрағасы О. Атаев прзеиденттік қызметті атқаруға кірісуі қажет болатын, алайда қылмыстық іс бойынша айыпталғандықтан қызметінен кетті. Қалыптасып отырған жағдай бойынша мемлекет басшысы лауазымына вице-президент Г. Бердімұхамедұлын бекіту үшін жасалған қадамдар еді. Президент қауіпсіздігін қамтамасыз етуші А. Реджеповтың басшылығымен мемлекет басшысы қызметіне Г. Бердімұхамедовты сайлануына барынша ықпал етті, нәтижесінде президент сайланды да. Конституциялық және барлық мүмкін болған заңдарға өзгерістер енгізіп, тіптен қызметтен тек өзін ғана босата алатын деңгейге жеткендіктен, келесісі қолындағы билікті күшейту мақсатында президенттікке келуге ықпал еткен топтың мүшелерінің барлығын қызметтен босатып, қылмыстық жауапкершіліке дейін тартты. Нәтижесінде алдыңғы сценарий толықтай қайталанды.

Түркменстан Орталық Азия мемлекеттерінің арасындағы сыртқы ортаға барынша жабық мемлекет қатарында. Президент С. Ниязов мерзімінде қалыптасқан жабық дәстүрлі авторитарлық режим Г. Бердімұхамедов тарапынан күшейуде. Түркменстан басқару құрылымы бойынша аймақтардағы тайпаларға негізделген, басшылар ахалтеке тайпасынан сайланады. Мемлекеттің басқарылу түрі ахалтеке және қарсы оппоненттер деп бөлінді. Одан бөлек мемлекет басшысын билікке алып келген еуротүркмендер (большевиктер кезінде қалыптасқан кеңес одағында тәрбиелеген) және дәстүршілдер арасындағы қарама-қайшылық орнады. Біріншілері болса мемлекеттің тайпаларға бөлінбей, орталықтанғандығын қалайды, дәстүршілдер болса элиталық топ болғысы келеді.[10] Алайда тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ашық саяси бағытты таңдаған мемлекетін 1995 ж. бастап бейтараптық саясат жариялап БҰҰ тарапынан бұл саясат мойындалды. Мемлекеттің осындай консервацияға бет алуы ондағы авторитарлық режимді «сұлтандық» басшылыққа дейін күшейтті нәтижесінде М. Вебердің анықтаған патроналдық мемлекет орнады.

Түркменстанның сыртқы ортаға жабықтығы авторитарлық басқарудың одан әрі күшейуіне алып келеді, сыртқы бақылаушылар мен мемлекеттік емес ұйымдар ашықтық пен тиісті қадағалаудың жүргізуді қамтамасыз етуші еді. Қазіргі қалыптасқан саяси режим алдыңғысы секілді күшейтілген формасында емес, алайда саяси бәсекелестік пен билікті ұстап қалуға тырысушылық осыған алып келері анық. Түркменстан мысалында, саяси трансформацияның тек режимнің ішіндегі күшейтілген түрден нағыз режим орнайды деген пікір қалыптаспады. Дегенмен де бұл саяси тұрақтылықты қамтасыз етіп отыр, бірақ та барлық салалардағы дамуға өзінің кедергісін келтіруде.

Өзбекстан «жабық авторитарлық режим» дәстүрлі қоғамдық басқарудағы мемлекет. Негізінен аймақтық бөлініс басым, мемлекет басшысы аймақтардың басшысын тікелей өзі сайлауы оларға деген сенімділікті көрсетеді, президенттің туып-өскен аймағын басқару сенімділіктің ең жоғары шыңы, жақын отбасылық қарым-қатынастар аса басым болғандығы сонша бағынышты авторитарлық күшейу үстінде. Өзбекстанды зерттеушілер мен сарапшылар еңбектерінде Орталық Азиялық мемлекеттері ішінде «қатты авторитарлық билік» тәртібіне жатады: басқарудың күшейтілген түрі, саяси қарсыластарды пайда болған кезде сахнадан кетіру, қарсылық қозғалыстарын аяусыздықпен басу, мемлекеттік идеология бір басшылық негізінде жасалуы. Өзбекстанды Түркменстанмен біріктіретіні – жабықтық пен бейтараптық, айырмашылығы- Түркменстан деңгейіндегідей емес, қоғам әр тарапты.

Өзбекстандағы авторитарлық режимнің түрін президенттік басқарудағы типке жатқызады. Мемлекет басшысы саясат пен масс-медианы басқарады, өзінің саяси қарсыластарына маңызды назар аударылмайды, жеке көшбасшылық президент арқылы жүзеге асырылады.[11]

Одан бөлек, Өзбекстан басшысының отбасында болып жатқан өзгерістер, көптен күтілген болжам қызы Г. Каримованың мемлекет басшысы болады деген үміткерлігін сейілтті. И. Каримовтың оған деген сенімділігінің төмендеуін әскери басшылар мен басқа да қызығушылық топтар өз пайдасына шеше алады. Өзбекстан президентінің авторитарлық билігі оның отбасы мүшлеріне де тараған секілді көзқарас байқалады, бұл авторитарлықтық әлі де ұзаққа созылатындығын тағы да дәлелдеп берді.

Өзбекстан И. Каримов тұсында авторитарлық биліктің күшейтілген түріне айналды, қазіргі конституциялық өзгерістер бойынша президенттік мерзімі 7 жылдан 5 жыл мерзіміне қайтадан түсірілді. Бұл И. Каримовтың  2015 ж. президенттік сайлау мерзіміне өз кандиатурасын ұсынбайды деген болжамдары да бар, бірақ та авторитарлық биліктің басты көрсеткіші ретінде өмір бойғы басқарушылық, сондықтан да бұл мәселен, сыртқы саяси фактор тарапында АҚШ-қа жақындау төңірегінде болуы да мүмкін, саяси себептер бойынша түрмеге қамалған қылмыскерлер мен құқық қорғаушылардың босатылуы ондағы имитация АҚШ тарапынан қажетті қолдауға ие болуы үшін Өзбекстанға аса қажет, бұл оның Орта Азиядағы басты қолдаушы мемлекетке айналуы үшін маңызды.

 

Тәжікстан мен Қазақстандағы саяси режим түрі

Тәжікстан Орталық Азия мемлекетері ішінен басты айырмашалығы ретінде Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейінгі саяси элита жаңа шарттарға бейімделе алмай ыдырап кетуі, басқа мемлекеттерде өткен кезеңнің саяси элитасы сол қалпында болды. Жаңадан қалыптасқан элита Э. Рахмон басшылығымен жүзеге асырылды. Сарапшылар Тәжікстанды «барқыттық авторитаризм» деп таниды, демократияның кейбір элементтері кездестін атқарылуы бойынша авторитарлық режимдегі мемлекет. 2013ж. 6 қарашада өткен кезекті сайлау барысында Э. Рахмон 84% дауыс жинап 7 жылдық мерзімге өз билігін жалғастыратын болды, сайлауға қатысқан басқа үміткерлер шынайы саяси бәсекелес бола алмады. Тәжікстандағы азаматтық соғыстан кейінгі тұрақтылық пен сенімділікті Э. Рахмонның есімімен байланыстырады, бірақ та экономикалық көрсеткіштер бойынша даму бойынша әлі де артта келеді, бұны интегарциялық немесе басқа да мәселелер арқылы шешуге тырысқанымен жағдай түзелмеді, осы кезде мемлекет басшысы өзінің басқаруында алға жылжу байқалды, ең алдымен азаматтық құқық пен әлеуметтік салаларға байланысты. Басқа жағынан Тәжікстандағы жағдай басқа Орта Азиялық мемлекеттермен салыстырғанда айтарлықтай күрделі, исламдық фактордың алатын орны күшейуде және идеологиялық даму қандай сипатта болуы қажет (түрікшілдік не ирандық «арийлік») бұл аса қиын мәселелер қатарына жатады, сондықтан да мемлекеттегі тұрақтылық тәжік халқы үшін бағасы қол жетпес. 2003 ж. Конституцияға енген өзгерістер басшының екі реттен артық президент етіп сайлануына құқық бермейді, соған орай Тәжікстан президентіне осы соңғы мерзім деп есептеуге болады. Дегенмен де жағдай көбіне заңға өзгертулер енгізулер секілді түбегейлі өзгерістер енгізілуіне байланысты бұрмалана алады.

Қазақстан аймақтық мемлекеттермен бірге қарастырғанда саяси жүйе құрылымы мен саяси режим бойынша айтарлықтай алдыңғы қатарда секілді. Бірақ та, көрсетілген өзгерістер осы тарапта ғана. Кейбір сарапшылардың айтуынша, Қазақстандағы авторитарлық режим 90ж. ортасына қарағана күшейіп келе жатыр[12] Жеке биліктің орнату саяси бәсекелестікті жоюмен жалғасын табады, Қазақстанда бұл жасанды саяси бәсеклестікті қамтамасыз етумен байқалады. Саяси саханадағы шынайы саяси бәсекелестіктің болмауы саяси өмірге деген қызығушылық тудырмайды. Басқарудың бұл түрі Орталық Азия мемлекеттерімен салыстырғанда жұмсақ авторитарлық басқаруға жатады, дегенмен де өзгерістердің қандай түріне өтерлігі бойынша белгісіздік тән.

 

Соңғы түйін

Қарастырылған Орта Азия мемлекеттері батыстық сарапшылар мен құқық қорғау ұйымдарды тарапынан айыпталатын авторитарлық режим басқаруындағы мемлекеттер. Транзит, кейде бұл шынайы транзит емес бір режимнің жалғасуы негізінде көрсетіледі. Орталық Азия мемлекеттерінде тарихи қалыптасқан дәстүр бойынша ежелгі кезеңнен бастап бір басшы басқаруы негізіндегі мемлекеттер қатарынан тұрады, көшпелі өмір салтында билеушінің өзіндік жеке орны мен сипаты болды, бұл Кеңестік кезеңдегі тоталитаризм мезгілінде аймақтық басшыларды тағайындау барысында ұзақ жылдар бойғы қызметті ауыстырмау тәжирибиеден көрініс тапты, сондықтан да бірден жаңа басқару тәртібіне ауысу халық үшін аса қиындық әкелері хақ, ал ауысқан күннің өзінде аймақтық құрылымдар күшейуі басым, ал ұзақ уақыттық басқару жеке биліктің күшейуі мен оның орталықтануына алып келеді, жемқорлық күшейеді және саяси бәсекелестік мүлдем болмайды, жанама берілген құқықтар мен бостандықтар сұранысқа ие болады. Нәтижесі құлдырау мен құлау ма? Нақты батыстық үлгідегі демократиялық басқару жүйесі біздің қоғамдық еркшеліктеліктерге байланысты сіңіспейтіндігі тағы бар, жеке билік авторитарлыққа ғана алып келе алады, ал демократия принциптеріне негізделген жеке басқаруды табу аса қиынға соғады. Бірақ та өкілеттіліктер нақты белгіленген және бөлінген кезде әбден мүмкін басқару түрі.

Саяси мәдениет қатысуға қарағанда бағынуды көздеген қарапайым халық үшін қай билік түрі жақсы. Орнаған авторитарлық билік қажеттілік, бұл тұрақтылықты сақтау үшін қажетті кезең болды және мемлекеттерді түрді жанжалдардан алып қалды, алайда

бұл кезең өзінің мәресіне жетуге таяр, бұдан кейін барлығы да сол тараптағы топты сақтауға тырысады, басқарудың сол тараптағы түрі болғанымен қоғамдық пікір мен қабылдау өзгешерек болуы шарт, халықтың оянуы жүзеге асатын мезгілді күтуге әлі де көп болар. Орта Азия мемлекеттеріндегі трансформация жаңашылыдықтар мен өзгерістерді күту қажетті деп есептесе, бұл ұзақ мерзімді өзін-өзін анықтау мен тиесілік, саяси белсенділік, экономикалық даму тарапында ғана жүзеге асырыалады, ал қазігі даму жағдайында және биліктің терең орталықтану кезінде бұл мүмкін емес, тек сыртқы күштер көмегімен орындалмаса, алайда кейінірек те оның жағымсыз сипаттары өзінің көрінісін бере алады.

 

Берікбол Дукеев

Abai.kz

 


[2] К вопросу о типе политических режимов в современной Центральной Азии- http://www.kspu.ru/upload/documents/2013/05/22/df12c4ee76430b98f2b5e8889be2d57d/sbornik-2012-tom-2.pdf#page=19

 

[3] Алексей Малашенко- Обреченные на вечность и прозябание http://uisrussia.msu.ru/docs/nov/pec/2011/3-4/ProEtContra_2011_3-4_06.pdf

[5] Alisher Iklamov. Neopatrimonialism, interest groups and patronage networks: the impasses of the governance system in Uzbekistan. Centtral Asian Survey (March 2007) 26(1), 65-84 pp.

[6] А. Куртов «Ханский круг»:система власти в Центральной Азии -http://intelros.ru/pdf/Prognozis/01/Kurtov.pdf

[7]  Дыхание Арабской весны –Общественные выступления в авториттарных странах- https://www.google.kz/url?sa=t&rct=j&q=&esrc=s&source=web&cd=1&ved=0CCsQFjAA&url=http%3A%2F%2Fforumeurasien.org%2Fwp-content%2Ffiles%2F2012-seminars%2F2012-10-26%2520Forum%2520Eurasien%2520Beyond%2520the%2520Arab%2520Spring%2520-%2520RUSSIAN.pdf&ei=6aCAUonfHYa14ATJgoGwAQ&usg=AFQjCNE_rQj2c_14x-hTcDz0jsD4oBqnCg&bvm=bv.56146854,d.bGE

[8]  Ю. О. Булкутаев. Проблемы формирования гражданского общества в контексте глоболизации  демократических процессов Казахстан в условиях глоболизации: Философско-политологический анализ. Алматы, 2006.С.291 ( Алексей Малашенко. Обреченные на вечность и прозябание «Pro and contra» май-июнь 2011, 78-95с. сілтеме көрсетілген)

[9]  Steven. Sabol Turkmenistan: Permanent Transition or Elusive Stability?  China and Eurasia Quarterly, Volume 8, No.3 (2010), pp.5-26

[10] Шохрат Кадыров Авторитаризм как проявление слабости режима. http://www.cargobay.ru/news/nezavisimaja_gazeta/2003/1/13/id_135691.html

 

[12]  Courtney Brooks Kazakhstan's Golden Cradle To Authoritarian Rule http://www.rferl.org/content/Kazakhstans_Golden_Cradle_To_Authoritarian_Rule/2222894.html

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415