Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3054 0 пікір 11 Желтоқсан, 2013 сағат 06:14

«Қазақсыз Қазақстан-2»: Билік көз-жасыңа сенбейді!

"Мемлекет басшысы еңбек көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды" (http://akorda.kz/kz/page/page_215507_ )

Осымен бәрі бітті. 22 жылға жалғасқан қазақ көшінің аяғына шідер салынды. Қол қойылып, күшіне енген заң бойынша тарихи отаны - Қазақстанға көшіп келетін қазақтар төрт жылдан кейін ғана азаматтық ала алады. «Аталған заңға президент Назарбаев қол қоймайтын шығар, кері қайтарар, өзі бастаған қазақ көшіне қатысты стратегиялық саясаттың тамырына балта шаппас» деген қоғамның үміті кесілді. Бұл заңда шетелден көшіп келетін қазақтардың азаматтық алуына қатысты тұсы неліктен төрт жылға өскендігінің себебін түсіндірген жан баласы жоқ. Әр нәрсенің қандай да бір себебі болуы тиіс қой. Тіпті мал соярда да «Сен де жазық жоқ, біз де азық жоқ» деп мал екеш малдың да не себепті пышаққа ілінген себебін айтпаушы ма еді?! Билікті көші-қонға қатысты заң жүзінде мұндай қатаң шараға баруға не мәжбүрледі? Жауап жоқ.

Себебін өзім ше іздеп әлек боламыз тағы.

Қызылағаштағы су тасқыннан кейін құрбандарға ескерткіш қойылды. Ашылуға барған Президент оралмандар туралы қиғаш пікір айтып қалды. Бір ауыз пікір кейін Жаңаөзен оқиғасынан кезінде лауазымды адамдардың оқиғаға оралмандар кінәлі деген пікір айтуына жолашар жасады. Сөйтіп, шетелден келген қазақтар масыл болып отыр деген суық сөз қоғам ішін кеулеп кетті. Өткенде әлдебір шенеунік есептік баяндамасында халық саны өсе беретін болса, елде жұмыссыздар саны өседі деді. Яғни, халық санын өсіру – тиімсіз. Жұмыссыздық әлеуметтік тұрақсыздыққа алып келеді. Тұрақсыздық тыныштықты бұзады. Оның арты шерулер, талаптар, толқуларға ұласады. Демек, халық санының өсуі мен жұмыссыздықтан билік қорқып, соның алдын алу шараларының бірі ретінде шетелден келетін қазақтардың азаматтық алуына кедергі жасауы ықтимал. Екіншіден, биліктің халық санының өсуі мен жұмыссыздықтан қорқуы – экономиканың анау айтқандай дамуы мен өсімі жоқ екенін, яғни, халықты жұмыспен қамытуға қауқарсыз екенін айғақтайды. Бұл өз кезегінде қарыштап даму туралы ертегіге нүкте қояды.

Біздікі жорамал ғана. Бәлкім, біз білмейтін басқа бір бұлтартпас себебі бар шығар...

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5419