Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3347 0 пікір 12 Желтоқсан, 2013 сағат 05:56

Желтоқсан -1986: Болашақ президентімізді де көрдік: «Қайтыңыздар, арты жаман болады» деген сөздерін естідік

Редакциямызға «Патриоттық қозғалыс – Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жексанбаев Жақсылық бастаған үш желтоқсаншы бас сұқты. Көздерінде намыс оты жанған аға-әпкелеріміздің айтқандарын сөзбе-сөз назарларыңызға ұсынып отырмыз. Олар желтоқсан көтерілісіне қатысқан азаматтардың әлі күнге тиісті бағасын ала алмай келе жатқанына налиды.

1-суретте (оңнан солға қарай): Ләззат Жапаешва, Жақсылық Жексенбаев, Күлімхан Өскенбаева

     

Жақсылық Жексенбаев: «Түстен кейін қару қолданады, енді аямайды», - деді Назарбаев.

Редакциямызға «Патриоттық қозғалыс – Желтоқсан ақиқаты» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жексанбаев Жақсылық бастаған үш желтоқсаншы бас сұқты. Көздерінде намыс оты жанған аға-әпкелеріміздің айтқандарын сөзбе-сөз назарларыңызға ұсынып отырмыз. Олар желтоқсан көтерілісіне қатысқан азаматтардың әлі күнге тиісті бағасын ала алмай келе жатқанына налиды.

1-суретте (оңнан солға қарай): Ләззат Жапаешва, Жақсылық Жексенбаев, Күлімхан Өскенбаева

     

Жақсылық Жексенбаев: «Түстен кейін қару қолданады, енді аямайды», - деді Назарбаев.

  Біз 15 адам болып жиналып, бір автобусқа толып бардық. Пушкин кітапханасының алдына түскен кезде жан-жақтан ағылып келе жатқандарды көзім шалды. Қазіргі тұрған монумент жаққа шыға бере бұрынғы қысқы сарайды алып жатқан октябрь революциясындағы суреттер бар ғой, тура сондай жағдайды көрдім. Соққылап жатыр, тепкілеп жатыр, мына жақта бір тобы өлең айуда. Өзім комсомолда жұмыс жасағанмын, трибунаға жақындап қарасам, жұрттар сөйлеп тұр екен. Бірақ арғы жағынан кіріп келіп, бас салып, сөйлегендерді алып кетіп жатқандардың қарасы көрінді. Әйтеуір, трибунаға шыққандар сөйлеп біткенше, есікті күзетумен болдық.  Сол жердегі қазақ милиционерлері: "Ана жақтағыларға айтыңдар, провакацияға итермелемеңдер, ұру деген бұйрық болған жоқ қой!" деп айғайлады. Содан кейін ғана, алып кетіп жатқандар біраз тынышталғандай болды.

     Байқасам, алаңның сырт жағында «ұйымдастырушыларды» ұстап, тепкілеп, көлікпен алып кетіп жатыр екен. Жұртты жағалай қорғап тұрған жігіттер әскерилерді алдыға бастырмай тұр. Офицерлері солдаттарға зар еңіреп: «Алға! Алға!» дегенімен, олар алға жылжи алмайды. Жастар: "Өлсек те осында қаламыз. Пленумды қайта қарамайынша, алаңды бермейміз!» деп айғай салуда. Түнгі 1-лерге таман үстілері су болған жастар тарқап кетті.  "Енді солдаттарға күшіміз жетпейді" деген кезде әскерлер жан-жақтан келіп, тарпа бас салды. Мен сол Фурманов жаққа қарай қашып шығайын деп едім,  жүгіріп өткен солдаттар алдымды жауып тастады. Қасымда 5-6 жігіт бар, қарсы келе жатқан солдаттар басқа жақтарға жүгіріп кетті де, аралары сиреп-сиреп  қалды. Содан, артқа қарай шегініп келе жаттық. Жанталасып,  "қолымызға тас іліне ма?" деп жерді сипаған кезде ағаш жәшіктің жарты сынығы қолыма ілінді, бар қаруым сол. Онымен  ұрған таяқтарын қайырып тастаймын, қарауға мұрша жоқ. Бір кезде артқы жақтан: «Аһ...» деп жан қиналысы шыққан жігіттің дыбысы естілді. Желкесінен не маңдайдан ұрған болу керек, етпетінен отырып қалыпты. Бет-аузын қан жуып кеткен. Енді бізге қарап тұруға мұрша жоқ, жүгіріп отырып, фонтан жаққа бардық. Арасынан секіріп-секіріп, қашып шығып жүрген кезде біреу құдыққа түсіп кетіпті, шыға алмай жатыр екен. Оны көтеріп жатсам, бір биіктеу жерде қыздар есікке кептеліп қалыпты. Арттарынан келіп солдаттар ұрып жатыр екен, қайтып артқа жүгіріп барып, жаңағы солдатты итеріп жібердім де: "Қыздар қашыңдар енді!" деуге ғана шамам келді, олар қашып кетті. Алдымнан он шақты солдат жүгіріп щықты, арт жағымнан тағы он шақты жігіт жиналып қалды да, олардан тағы да сытылып кеттік. Фурмановқа шықсақ, бір қыздың артынан офицер қуып келе жатыр екен. Қыздың жанында жігіті бар екен. Жігіт ұзап кетсе, қызға жүгіреді, қыздың пальтосы ұзын, қаша алмайды. Оған жақындап қалғанда, жігіт оған қарсы жүгіреді де ұрғызбайды. Екі –үш жігіт қатар олардың арттарынан жүгіріп барып, солдатты ұрып, екеуді құтқарып кеттік.

     Қуып жүріп, сабағандар негізінен орыс солдаттар болды. Біздер жүгіріп отырып, Шевченко-Карл Маркстың  аялдамасына келсек, бір жігіт жатыр екен, төбесін пышақпен ойып жіберген. Қан саулап ағып жатыр, майкамызды жыртып-жыртып береміз. Бір-екі минутта қан болып, шылқылдап кетеді. Екінші қабаттан біреулер айғайлап тұр: «Мен врачпын, үйге кіргізіңіздер, көмектесемін!»  деп. Қорқамыз, олар ұстап апарып беруі мүмкін. Сол аралықта бір машина келе қалды, алдына тұрып, тоқтатсақ, ішінде орыс екен. Орысты лақтырып жіберіп, жаралы жігітті отырғызып салып жібердік. Жаяулатып келе жатсақ, қарсымыздағы  жігіттерді уазикпен қуып жүріп, ұстап алып кетіп жатыр екен. Біз Абай көшесіне жаяу шығып, стадионға дейін бардық. Орталық стадионға жеткенде 66-автобус  қаңғып келе қалды, ол түнімен жүретін. Оған отырып, Правдаға дейін бардық. Түсіп, үйге кеттік. Түнімен ұйқы жоқ. Жатақханасына қайтпағандардың барлығы сол біздің екі бөлмеге келіп тығылды. "Общежитеге  барсақ, ұстап алады, таңертеңге дейін жібермей қояды" дейді. Ол кезде қалада барлығы жеке меншік үй болатын. Таңертең шығып бара жатсам, бір ұйғыр шал шақырып: «Балам сен алаңға кетіп бара жатырсың білемін, Райымбектің басына барып, дұға тілеп шық" деді. Біздің көшеден 63 – автобус жүреді, оған отырып Райымбектің басына барып, дұға қылып: "Ел қорғаған батыр едің ғой, халқымызға тыныштық бер, қолдай көр!" деп тілек тілеп, алаңға кеттік.

   18 күні болатын,   қазіргі өкімет үйінің алдында болдық. Алаңда түрегеп тұрған адамнан, жерде жатқан адам көп. Түске жақын бәріміз өз ойларымызды айттық. Назарбаев: «Түстен кейін қару қолданады, енді аямайды, халықты қайтаруға тырыс" деді... Содан соң, жұрт арасына барып, тарау керектігін айттым да, өзім де қайтып кеттім.

    Әңгіме жұмысқа келгеннен кейін басталды. Жасыратыны жоқ, қазақ пен орыс бір-біріне бетпе-бет келді, қарсы болды.  Бізді тұқырту үшін орыстар неше түрлі сөздер айтып, намысқа әбден тиді... Жұмыста ағаш тасытқанда әдейі жуан жағын маған беріп қояды, келе жатқан кезде мені арт жағымнан итеріп қалады, құлату үшін. Егер қарсылассаң жанжал шығарып, ұрып жібереді де есе қайтарайын деп ұмтылса, қалың орыс қаптап келіп мені ұстай алады. Артынан іле-шала КГБ сүйрелей бастады... «Партияның уставын» алға тартып, әрең құтылғандай болдым. Әйтеуір, таяқ ұстаған, біреуді ұрғанымды көрген нақты дәлел-дәйектері жоқ.

    1987 жылы толық қудалау басталды. Азаматтардың көбі оқуын тастап, жұмысын тастап, жан-жақа кетіп қалған. Өліп қалған адамдарды ақтау, отбасына көмектесу дейтін жұмыстар әлі күнге күн тәртібінен түскен жоқ. Дегенмен, желтоқсаншыларды ақтауға көрінбейтін кедергілер жасалып жатыр...

Ләззат Жапашова, заңгер: «Дух моего народа не в шее, он у меня в сердце! Достань свои иглы» дедім.

        Желтоқсан оқиғасы кезінде 10 сынып оқитын 16 жасар қыз болатынмын... Менің анам 40 жыл бойы сот органында істеді. Сол күні үйге сотта істейтін қызметтестері келді. Алматыда болған оқиғаны айтты. Келесі бөлмеде отырған мен оны естіп, қатты өксіп жатып қалдым. Олармен бірге мен неге өлмеймін деп ойладым. Келесі күні митингі ұйымдастырдым, халықты жинап айғайладым. Гвардия орталығындағы дүкенде Алматыда қырылып жатқан қазақтарға қолдау көрсетуге шақырдым. Кейін мені 3 ай КГБ сүйреледі. Комсомолдан шығарды, мектептен қуды. Сонда мектеп директоры Паталахова Людмила КГБ-ға Жапашева Ляззат наркотик шегеді, мектепке оны таратады деп арыз жазды. Кешке жақын сынып жетекшімді ертіп үйге келді, анаммен сөйлесіп отырды. Мен жақ ашпадым, шетте отырдым. Сол кезде бір нәрсені үйімізге лақтырып жіберіпті, оны менің әпкем байқап қалған екен. "Мама бірдеңені лақтырып жіберді зал жаққа!" деп айғай салды, "не екен?" деп қарағанымызда, шешем:  "Ойбай, мынау апиын ғой!" деді. "Тез суға апарып лақтыр" деп әпекемді жүгіртіп жіберді. Іле-шала 15 минуттан өткен соң, КГБ келді. Бүткіл бөлмені қопарды, жаңағы айтқан жерді тексерді, түк таба алмады. "Қызыңызды алып кетеміз" деді, Мамам: "Қызым кәмелетке толмаған, алып кете алмайсыздар" деді. Сонда олар: «Егер сіз қарсылық көрсетсеңіз, сіздің Томскіде оқып жатқан балаңыз із-түссіз жоғалып кетуі мүмкін» деді. Сонда бейшара шешем орнында теңселіп, не істерін білмей мелшиген күйі қалды. Мені уазикке отырғызып, Талдықорған қалалық ауруханасына апарды, екінші этажына көтерілдік. "Қан өткізесің" деді. Қолымды дайындап отырғанмын,  дәу орыстың қатыны келді де шприцті тура мойнымнан салып жіберді. "Вы что делаете, вы что делаете, дух моего народа не в шее, он у меня в сердце! Достань свои иглы...» дедім. «Молчи!» деді де басымна періп кеп жіберді.  Сонда КГБ-да істейтін, еңгезердей екі қазақтың жігіті маған қарап тұрды. Мәшинеге салып ауылдың сыртына айдалаға тастап кетті, сол жерден жаяу келдім.

    Міне содан бері 27 жыл өтті. Желтоқсанышлар әлі ақталып болған жоқ... Болғаны былай тұрсын, бір пайызы да, тым құрыса «Желтоқсан көтерілісіне қатысушы» деп анықталған жоқ. Көзім жеткені - мемлекет тарапынан көрінбейтін кедергі жасалып жатыр. Жасыратыны жоқ, Алматы қаласындағы соттарға өкпеміз қара қазандай. Тіпті кейбіреуі күлкіге айналдырады. Не деген халықпыз?  Өз батырымызды батыр деп айта алмайтын, қандай қазақпыз? Қазақ қазақты ақтаса керек еді, сатпаса керек еді... Бір риза болғаным - Талдықорған қаласының соты мен Талдықорған қалалық прокуратурасындағы  азаматтар «Желтоқсан көтерілісі» төңірегіндегі істерге шынайы, заң жүзінде жұмыс жасап келеді. Қолында қандай дәлел бар, сол дәлелге заңды түрде бағасын беріп, ақ демей, көк демей дұрыс шешім шығарып отыр. Оған өзім куәмін. Мысалы, маған Абдрахмановна Бибігүл Сергельдиевна деген кісі сот шешімін шығарды. Тіпті, "Нағыз желтоқсаншыларға шешім шығаруды өзіме құрмет деп санаймын!" деп мақтанышпен айтты. Осыдан артық қандай құрмет керек?!  

 

 

Күлімхан Өскенбаева: Сол шыршаның қасынан өтсем, әлі күнге аяқ-қолым дірілдейді.

    16 күні сағат 17:30 жұмыстан шықтым. Ішінде өңшең қазақтар бар 40-шы автобус келе қалды. «Қайда кетіп бара жатырсыңдар?» десем, "алаңға кетіп барамыз" дейді. Біз де барамыз деп мініп алдық, келсек, біздің заводтың жұмысшылары да жүр екен. Ертесіне СМУ дан бүкіл адамдарды жинап, алаңға дейін «Менің Қазақстаным» өлеңін айтып бардық. Онда адам көп екен. Топталып, ұлдарға "сендер артта тұрыңдар, қыз балаларды ұрмайды" деп үш қатар шеп құрып, алдыға қыздар тұрдық. Кеш бата  ОМОН бір қыздың шашынан сүйреді, сол кезде елдің барлығы дүрлігіп, қырғын төбелес болып кетті. Тағы бір қыздың басынан ұрған кезде ол: «Мама!» деді де құлап қалды. Дәметкен жанымда тұр еді: "жүр, мына қызды шыршаның астына тығайық" деген соң, шыршаның астына апардық. Сол шырша әлі бар, бүгінде оның қасынан өтсем болды, аяқ-қолым дірілдейді. Үш қызды өлтіргенін көрдім. Қансырап жатты. Прожектор жағып еді, көзіме әсер етті де, қасымдағы қызға жүр қайттық деп жатақханаға келдік,  кешіксең кіргізбейді.

     18 күні өзім де таяқ жедім басымнан, қазір 2 топтағы мүгедекпін. Дәметкенді құтқарамын дегенде басыма бірдеңе тиді. Көзі-басымды қан жауып кетті. Жанымда Айжан, Пернеқыз деген қыздар бар, есімді білмеймін, олар мені құтқарып қалды. Дәметкенің белінен ұрған, әлі күнге дейін 1 жағы кеміс. Алаңға барғанда Роза Бағланова жылап тұрып айтты: «Қыздар, балдарым  кетіңдер!" деп. Біз тыңдаған жоқпыз. Тұңғышбай Жаманқұлов ағамыз: «Товарищи!» деп сөйлегенде, қасымыздағы бір жігіт: «Өзіміз орыстан құтыла алмай тұрғанда!» деп тура мойнынан бір ұрғанын білемін. Нұртай Сабильянов сөйледі. Болашақ президентімізді де көрдік: «Қайтыңыздар, арты жаман болады» деген сөздерін естідік. «Менің Қазақстанымды» айтып, тізерлеп отырдық. Отырғандарды машина баспайтын шығар деп едік, оған да қараған жоқ.

Әзірлеген: Замира Пулатова

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5417