Дүйсенбі, 18 Мамыр 2026
Жаңалықтар 138 0 пікір 18 Мамыр, 2026 сағат 14:00

БАҚ: ХҚС Израиль шенеуніктерін тұтқындай ма?

Сурет: sputniknews.ru сайтынан алынды.

Халықаралық қылмыстық сот Израиль шенеуніктерін тұтқындауға құпия ордер сұратқан.

Халықаралық қылмыстық сот (ХҚС) Израильдің бірнеше жоғары лауазымды шенеунігін тұтқындауға құпия ордер сұратқан болуы мүмкін, деп хабарлады Haaretz дипломатиялық дереккөзге сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, сөз екі саясаткер мен екі әскери шенеунік туралы болып отыр. Бұған дейін БАҚ ХҚС прокуратурасы Израильдің қаржы министрі Бецалел Смотрич пен ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен Гвирге қатысты іс қозғау мүмкіндігін қарастырып жатқанын жазған.

Ордерлер нақты қашан берілгені және кімдерге қатысты екені ресми жарияланған жоқ.

2024 жылдың аяғында ХҚС Израиль премьері Биньямин Нетаньяху мен экс-қорғаныс министрі Йоав Галлантқа қатысты тұтқындау ордерін шығарған еді.

Сот олар Газадағы операция кезінде адамзатқа қарсы және соғыс қылмыстарына қатысы болуы мүмкін деген күдікке ілінгенін айтқан. Израиль үкіметі ХҚС-тың ол шешімін үзілді-кесілді қабылдамайтынын мәлімдеген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2857
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1959