Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5872 0 пікір 13 Желтоқсан, 2013 сағат 05:21

Жастар театры сахнасында - "Асауға тұсау"

Астана Жастар театры сахнасында желтоқсан айының 18 күні У.Шекспирдің "Асауға тұсау" ("Укрощение строптивой") спектаклінің премьерасы өтеді.

Әлемдік классиканың алтын қорына енген У.Шекспирдің "Асауға тұсау" комедиясы театрымыздағы шеберлігі шыңдалған актерлеріміздің өзге қырларынан аша түспек. Режиссерлік шешім де, актерлік ойын да, жалпы қойылым заманауи үлгіде үн қатады. Комедиялық ситуацияға құрылған оқиға желісі пластика мен актерлік шеберлік арқылы көрермен назарын бей-жай қалдырмайды. «Асауға тұсаудағы» - асау қызды ауыздықтау емес, кіршіксіз махаббатты шынайы түсінуден тұратын ерлі-зайыптылар арасындағы адал достықты жыр етеді. Сөзі өткір, өр мінезді Петручио мен тапқыр әрі ақылды тентек Катарина екеуінің әзілді қақтығыстары қыз бен жігіттің айтысындай өте тартымды. Әзілқой Грумио, жылпос Транио, жұмсақ мінезді Баптиста тағы басқа кейіпкерлердің мінез-құлқы жалынды жастардың актерлік шеберлігіне ұласқанда, сахна көңілді көріністерге тола түседі. Жарасымды қалжыңымен баурап алатын көркемдік құдіретімен қымбат шығарма режиссердің ұтымды шешімімен сахнаға шықты.

Оқиға көңілді музыкамен, орындаушылардың пластикалық қасиетімен ашыла түсетін қызықты қойылым болмақ. Комедияның куәсі болыңыздар.

Қоюшы режиссер – Нұрқанат Жақыпбай Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері

Басты рольдерде: Айнұр Рахипова, Азамат Есқұлов, Әділ Ахметов, Жандәулет Батай, Дәурен Серғазин

Анықтама тел: 8(7172) 701 – 216, 701 – 258. Эл.почта: tuz_ast@mail.ru

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443