Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2818 0 пікір 18 Желтоқсан, 2013 сағат 06:03

Айға ұшқың келсе, Ресейдің азаматтығын ал!

2012 жылы РФ азаматтығын алған Мұхтар Аймаханов (суретте) Ресейдің ғарышқа ұшуға үміткер ғарышкерлерінің қатарына қосылды.

Мұхтар 2003 жылдан бастап, 2009 жылға дейін Ресейдегі Гагарин атындағы ғарышкерлер даярлау орталығында оқу-жаттығудан өткен еді. 2005 жылы ғарышкер-сынақшы дәрежесін алған.

Мұхтар Аймаханов пен Айдын Айымбетовтың Ресейдегі оқу-жаттығуының барлық шығыны Қазақстанның ғарыш бағдарламасы аясында қарастырылып, қаражатты Қазақстан төлеген. Сөйтіп, 2009 жылы Қазақстан өз ғарышкерін көкке ұшырады деп жоспарланған. Аяқ астынан Қазақстанның ғарыш бағдарламасы жабылып, дайындықтан өткен қос ғарышкер далада қалды. Енді міне, қазақтың ақшасына оқып, дайындықтан өткен дайын ғарышкер Ресей азаматтығын алып, сол елдің атынан ғарышқа ұшпақшы.

Бұл не сонда?

«Байқоңырдай» ғарыш айлағы мен білдей бір ғарыш агенттігі бар ел қос ғарышкердің бірін ғарышқа ұшыра алмауы қалай?

Ғарышкерлердің оқуына жұмсалған қаражатты кім өтейді? Ресей ме?

Біздің билік Ресейге жем болғанын қашан қояды?

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408