Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2977 0 пікір 20 Желтоқсан, 2013 сағат 09:05

7 жылға кешіккен шындық: Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіруге тапсырыс берген – Рахат Әлиев

Бүгін бас прокуратура осындай мәлімдеме таратты. Әйгілі саясаткер, Қазақстанның демократиялық жаңару мен жаңғыруының көшбасшысы болған Алтынбек Сәрсенбайұлы мен көмекшісі Бауыржан Байбосын, жүргізушісі Василий Журавлев 2006 жылы 11 ақпанда кісі қолынан қаза тапқанда-ақ, қанқұйлы қылмыстың артында Рахат Әлиевтің тұрғандығы жайлы сөз ел ішінде желдей ескен. «Ел құлағы -елу», «Халық айтса қалт айтпайды» деген осы шығар. Міне, ақыры билік бүкіл қоғамның дамуын шегеріп, демократияға қарсы жасалған қастандықтың кімнің қолымен ұйымдастырылғанын мойындап, жария етті.

Ақиқат пен шындықтың ресми нұсқасы табаны күректей 7 жылға кешікті.

Бас прокуратураның мәлімдемесін неше саққа жүгіртіп, әртүрлі жорамалдауға болар. Бірақ, бастысы, нағыз қанды қол қылмыскердің кім екені ресми түрде жария етіліп, мойындалды. Осының өзі – шындық бәрібір салтанат құрады дегенге үміттендіреді...

Мәлімдемеге қатысты Алтынбек Сәрсенбайұлының туыстары мен отбасы мүшелерінің пікірлерін алдағы уақытта жариялайтын боламыз.

Әзірге Бас прокуратураның мәлімдемесінің толық нұсқасын жариялап отырмыз.

Abai.kz

Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының ресми хабарламасы

2006 жылғы 11 ақпанда Алматы қаласында Алтынбек Сәрсенбайұлының, Василий Журавлевтің және Бауыржан Байбосынның ұрланып, өлтірілуі орын алған болатын.

Ішкі істер органдарымен тергелу барысында осы қылмысқа қатысты тұлғалар анықталған. Ол Рустам Ибрагимов және тағы басқа 9 тұлға.

Өз кезегінде Ибрагимов Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіруге тапсырыс беруші ретінде сол сәтте Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының аппарат жетекшісі лауазымын атқарып отырған Ержан Өтембаевтың атын айтты.

Тергеумен анықталған барлық тұлғалар 2006 жылғы 31 тамызда Алматы облыстық сотымен ұзақ мерзімге бас бостандықтарынан айыруға, ал Ибрагимов тікелей ұйымдастырушы және орындаушы ретінде кейіннен өмір бойына бас бостандығын шектеуге ауыстырылған жазалаудың жоғарғы шарасына тартылды.

Дей тұрғанымен, 2012 жылғы 16 сәуірде түзеу мекемесінде жазасын өтеудегі Ибрагимов жасалған қылмыстың бұдан бұрын құқық қорғау және сот органдарына белгілі болмаған мән-жайлар хабарланған арызбен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына жүгінді.

Бұл арызда ол бірінші рет адам өлтіруді жасағанын мойындады, оны жасау мән-жайларын егжей-тегжейлі бейнелеп берді, сондай-ақ Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіруге тапсырыс беруші шын мәнінде Ержан Өтембаев емес, Рахат Әлиев пен Әлнұр Мұсаев екендерін көрсетті.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотынының тапсырмасы бойынша қосымша алынған жауаптардың шынайлығы Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінен арнайы құрылған жедел-тергеу тобымен тексерілді.

Бұл ретте, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өтініші бойынша тергеуге Америка Құрама Штаттарының Федералдық Тергеу Бюросы тікелей қатысты.

Тергеу нәтижелерімен жаңадан ашылған мән-жайлар өз дәлелін тапты.

Атап айтқанда, 2006 жылы Рустам Ибрагимов полиграфологиялық зерттеу және АҚШ-тың Федералдық Тергеу Бюросының агенттеріне берген сұхбатынан кейін оларға адам өлтірудің шын мәніндегі тапсырыс берушісі Рахат Әлиев екендігін айтқаны анықталды.

Бұл ретте, Ибрагимов Әлиев пен Мұсаевтың тарапынан өзінің отбасының қауіпсіздігі қатерінен құқық қорғау органдарына ресми жауап беруден бас тартқан және бұл ақпаратты жарияламауды сұраған.

Қазіргі уақытта Рустам Ибрагимовтың арызын тергеу шеңберінде АҚШ-тың Федералдық Тергеу Бюросы бұл ақпаратты өзара әрекеттесу барысында тиісті құжаттарды ұсына отырып, растады.

Жаңа тергеу барысында Ибрагимов жеке бас араздығына орай, расында да Ержан Өтембаев одан Алтынбек Сәрсенбайұлын ұрып-соғуды сұрағанын көрсетті. Бұл жөнінде Рахат Әлиевке мәлім болған. Ол Әлнұр Мұсаевпен бірлесіп, жағдайды пайдаланып қалуды шешкен және Ержан Өтембаевтің тапсырысын орындау сымақ болып, Ибрагимовқа Алтынбек Сәрсенбайұлын өлтіруді тапсырған.

Ибрагимовтың уәждері тергеу барысында жинақталған объективті дәлелдемелермен толықтай расталды. Әлиев пен Мұсаевтың Алтынбек Сәрсенбайұлын және оның екі жолсерігін өлтіруге тапсырыс беруге және ұйымдастыруға қатыстылығы жөніндегі версияны растайтын жаңа заттай дәлелдемелер мен куәлердің жауаптары алынды.

2013 жылғы тамызда Рустам Ибрагимовтың және бірқатар түйінді куәлердің тиісті жауаптары шақырылған АҚШ-тың Федералдық Тергеу Бюросының полиграфолог-мамандарымен шынайлық мәніне тексеріліп, расталды.

Жоғарыда келтірілгенге байланысты, 2013 жылғы 11 желтоқсанда Бас прокуратурамен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына Алтынбек Сәрсенбайұлын, Василий Журавлевты және Бауыржан Байбосынды өлтіру жөніндегі іс бойынша шығарылған үкімді ішінара қайта қарау қажеттігі туралы қорытынды жолданды.

2013 жылғы 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен Рустам Ибрагимовтың арызын қарау нәтижесі бойынша және жинақталған жаңа материалдар ескеріліп, Ержан Өтембаевқа қатысты бұдан бұрын қаулы етілген үкім ішінара бұзылды.

Қылмыстың өзге қатысушыларына қатысты үкімді қайта қарау үшін негіздер анықталмады, себебі, табылған жаңа дәлелдемелер олардың әрекеттерінің саралануына әсер етпейді.

Дәл осы күні, 19 желтоқсанда Жоғарғы Сот қылмыстық істі Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жаңадан сотта қарауға жіберді.

Тиісті сот шешімі қабылданған жағдайда Рахат Әлиевке және Әлнұр Мұсаевқа қатысты тікелей қылмыстық іс қозғалып, АҚШ-тың Федералдық Тергеу Бюросы қызметкерлерінің қатысуымен олардың Алтынбек Сәрсенбайұлының, Василий Журавлевтің және Бауыржан Байбосынның өлтірілуіне қатыстылығы мәніне алдын ала тергеу жүргізілетін болады.

Көрсетілген құқықтық процесстердің нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415