Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3355 0 пікір 23 Желтоқсан, 2013 сағат 04:27

Ауыт Мұқибек. Нағашыма хат (жалғасы)

1-сурет: 37 жасында оққа байланған Мұқабай атам...

2-сурет: Әкем – Мұқибек Мырзабайұлы

3. Ақылын тыңдап ағаның.... (Тұманбай Молдағалиев пен Ауыт Мұқибек)

4. Тұмағамды жетелеп... (Тұманбай Молдағалиев пен Ауыт Мұқибек)

5. Тұмағамды құшақтап... (Тұманбай Молдағалиев пен Ауыт Мұқибек)

4. Нұреке, Сіз соңғы кезде көп нәрсені білмей қалып немесе бұрыс есіп жүрсіз-ау шамасы. Мысалы Жаңаөзен! Енді, міне, шеттегі бес миллион қазақ туралы!

1-сурет: 37 жасында оққа байланған Мұқабай атам...

2-сурет: Әкем – Мұқибек Мырзабайұлы

3. Ақылын тыңдап ағаның.... (Тұманбай Молдағалиев пен Ауыт Мұқибек)

4. Тұмағамды жетелеп... (Тұманбай Молдағалиев пен Ауыт Мұқибек)

5. Тұмағамды құшақтап... (Тұманбай Молдағалиев пен Ауыт Мұқибек)

4. Нұреке, Сіз соңғы кезде көп нәрсені білмей қалып немесе бұрыс есіп жүрсіз-ау шамасы. Мысалы Жаңаөзен! Енді, міне, шеттегі бес миллион қазақ туралы!

Ұлт тағдыры бүгінгідей тығырыққа тірелген тұста, қай заманда да, ақсақал мен тұлғаның орны, атқарар рөлі бөлек! Оның үстіне, кісі атаққа, абыройға, биік мәнсапқа не үшін ұмтылады? Өз ұлты үшін адал қызмет ету үшін! «Көші-қон заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізіледі екен, қазақтарға бес жылдан кейін азаматтық беріледі екен!» – деген тықыр таяған соң, Алаш жұрты аянбай-ақ айтты, жазды. Соның ішінде, кім не десе, о десін, жаңа сенатор, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалиннің еңбегін мен ерекше атап өткім келеді. Оның әріптестері Қуаныш Айтаханов пен Светлана Жалмағамбетованы да. Нұрлан Мырқасымұлы ақын ғой, суырылып шығып, Заң жобасын Сентаттан бір қайтарудай – қайтарды. Аман болсын екі аға мен Светлана апайым!

Ал, мен өз басым өмірі аттан түспеген, Ақорданың маңайынан қашанда алыстамаған, ыстық-суықты басынан көп өткерген, қазақтың арғы-бергі тарихы мен қилы тағдырын жақсы білетін, ескі-жаңа екі жүйенің де сынынан қасқайған бойы сүрінбей өткен, шетінен тайпалған шешен, Сіздің ең сенімді серігіңізге айналған қазақтың ардақты үш азаматына қатты үміт арттым. Менің айналамдағы пікірлестерім де осы үш тұлғаға қарап жаутаңдады да отырды. Күнделікті шығатын «Егемен Қазақстан» газетін парақтаумен, теле арналарға телмірумен болдық, Сіздің қолыңыз қойылғанша...

Соның біріншісі, Сіздің жақсы ағаңыз, алдыңызда, жиналыстарыңызда көп болатын, абыз ақсақал Мырзатай Жолдасбеков. «Сағынып сәлем жаздым Мырзатайға, Баласың сөзге шешен, тілің майда!»деп кемеңгер Кенен Әзірбаевтің көзі түскен ғалым Мырзатай Жолдасбеков!

«Отырмын көңілім жайланып,

Бекіндім осы ойға анық:

Бүгінгі таңда Астана,

Барады Мырзатайланып!» (М.Жолдасбеков, «Күндерімнің куәсі» кітабы)! деп, ас үстінде отырып майлық қағазға (салфеткәге) жазып бере салған өлеңі үшін Қайрат Жұмағалиевке шапан кигізген Атымтай жомарт Мырзатай Жолдасбеков. Оның үстіне, 1992 жылы ашылған әлем қазақтарының алғашқы құрылтайында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс бірауыздан қабылданып, Сіз Төралқа төрағасы болғанда, осы Мырзатай Жолдасбеков Төралқа мүшелігіне бекітілген үш адамның (қалған екеуі Дәлелхан Жаналтай пен Алтынбек Сәрсенбаев) біреуі болатын. Сондықтан, шеттегі қазақ мәселесі тарихта, қанша жерден қашқанымен, Мырзакеңе бір соқпай, айналып өте алмайды.

Мен «Әй, Нұрсұлтан қарағым, мынау ел шулап жатыр. Шеттегі қазақтар сен екеумізге бөтен емес, ана өзіміздің екі әпекеміз бар емес пе, Домалақ анадан туған – Күнбике мен Нұрбике деген. Солардың тұқымы ғой, Бәйдібек бабамның аруағы бар емес пе?!!» деп Мырзекең Кенен атам айтқан майда тілімен майдалап отырып жеткізеді деп ойладым!

Екіншісі Қуаныш Сұлтанов! Бұл кісіге де айтар жоқ! Қазір дәурені дүрілдеп тұр. Сізден кейінгі екінші сөз осы Қуаныш ақсақалда. Теле арнаның бетінен түспейтін болды. Өте-мөте биылғы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында базары қатты жүрді. «Ұлт, Мемлекет, Назарбаев!» дегенде таңдайы тақылдап, асқақтап, екпіндетіп сөйлеумен болды. Бұл да бөтенім емес, Жарқышақтан туған, тіпті жақын нағашым менің. Ауылымыз аралас, қойымыз қоралас жатқан елміз. Суанның тең жарымы телміріп, осы кісінің ескі үйінің іргесінде отыр. Бүкіл қазақ, одан қалаберді Қызай үшін демей-ақ қояйын, сол өз туыстары үшін болса да, Нұреке, Сізге кіріп, бір ауыз сөз айтуы, ежелгі әдетімен еңіреп тұрып жылауы керек қой Қуаныш болған адам!..

Үшіншісі, Бас гәзеттің басында отырған Сауытбек Әбдрахманов. Сізден сұхбат алуға жиі кіріп-шығып жүреді деп ойлаймын оны. Негізі, бұл мәселені алдымен көтеретін, Сізге жеткізетін осы ақсақал басқаратын – «Егемен Қазақстан». Бекер обалым не, Сауытбек мырзаға «egemenkz@mail.online.kz» арқылы (22 қараша, 2013 жыл) өлеңмен жазылған үш тілегімді жіберіп, Сізге жеткізуін өтіндім. Сосын, өзімше, Сауытбек біраз ақсақалдардың басын қосып, бір мәлімдеме жасайды, не өзі бір мақала жазады деп жүрмін ғой мен байқұс!

Көп өтпей, Ербол Шәймерденовтың асында, Ұлттық кітапханадағы «Бабалар сөзінің» тұсаукесерінде әдейі барып, осы жайлы бірдеме айта ма деп, Сауытбекке сәлем де бердім. Бейбақтың беті бүлк еткен жоқ!

Тіпті, Осы кісілер осы Көш тақырыбына жолаңқырамай жүрген соң, алдын-ала қамшылап та көргем. Ассамблияның мерекелік жиналысында Дулат Исабеков аға Маңғолия қазақтары туралы мәселе көтерген соң, мен «Шәріпхан Қайсар» деген атпен «Дулат ағаның айналасында кімдер отыр?!» (http://old.abai.kz/node/34756) деген мақала жаздым. Жақында ғана «Қазақ мәселесінде қалғып жүрген “Егемен Қазақстан”» атты мақалам да (http://old.abai.kz/node/41040) БАҚ-та жарияланды. Сонда осы үш ағамның атын ерекше атап, шеттегі қазақтарды есінен кетпестей-ақ етіп жазып ем. Жоқ, естісе де, естімеске; оқыса да, оқымасқа салынды. «Бәйдібек пен Домалақ ана десем тым ауырлап, тұқым-тұяқтарына дейін оңбай кетер, бергі апайлары Қызай анамның аруағы атсын сендерді!» демеске енді менің еш амалым жоқ бұл үшеуге!

Ашығын айтпасам, аталған бабаларымның қасиеті мені де оңдырмайды, Нұрсұлтан аға! Мен халыққа топырақ шашудан аулақпын, тура Сіз сеніп жүрген осы үш сабаздың үшеуі де Сіздің №1 жауларыңыз! Тұманбай ағамның Сізді жақсы көретініндей, менің Тұмағам десе, өлетінімдей қазаққа, Сізге деген мейірімді мен бұлардан көріп тұрғам жоқ. Болса, мүмкіндік деген қолдарында тұр, ең құрса, біреуі суырылып шығып, айтпай ма Сізге, қазақ көшінің қиын жағдайын?! Сіз де ет жүректі пендесіз, ойланып, басқаша шешім қабылдауыңыз мұнда тұрған әңгіме! Сіз құрған Қазақстанды бұл «үштік» баяғы Кеңес Одағы секілді санайды. Нұрсұлтан Назарбаев – олар үшін жан алғыш Сталин! Өздерінше солай жасап алған. Кеңес Одағы кезінде, өзіңіз білесіз, «ашық айтылатын» және «ашық айтуға болмайтын» екі түрлі сөз болыпты ғой. Қытайда да солай. Мырзекеңдер үшін кәзір «Шеттегі қазақтар келсін!» – сол «ашық айтуға болмайтындардың» қатарында, қара тізімнің басында тұрған сөз?! Сондықтан, басымыз бәлеге қалады деп қорқады, түк жоламайды. Өте-мөте Сауытбек! Қуаныш та одан аспаса, кем соқпайды! Мырзатай үшін Қазақ көшінен гөрі, Ассамблияның жиналысында лекция оқығаннан асқан бақыт жоқ қазір. «Мынау қазақ көшінің тоқтауы – 32-ші жылғы қолдан жасалған аштықтан бір кемі жоқ ұлтқа жасалған қиянат болды-ау; ертең Нұрекеңнің бар істеген еңбегін бұл шешімі жуып-шайып кетеді-ау; болашақта Сіздің орныңызда жаңа ұрпақ отырады, сонда билік басына Қытайдың Дэн Сяопины (http://old.abai.kz/node/21462) секілді бір кемеңгер шығып, бәрін өз орнына қоя алса жақсы, оның бетін ары қылсын, өзіміз көрген кешегі Хрушев секілді бір антұрған келіп, Сіздің сүйегіңізді көрден жұлып алып тастаса не боламыз-ау??!» деген ой бұлардың наназарына да кіріп шықпайды екен ғой! «Мақтау, мақтау және мақтау!»-дан басқа тірліктері бар ма өзі!?

Жаным, Нұрсұлтан аға, садағаң кетейін, «Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап!» деген Абай сөзін есіңізге бір алып, өзіңіз ойлаңызшы! Сізден кетіп бара жатқан осынау үлкен, орны толмас саяси қателікті көре тұрып, көрмегенсіген бұларды жау демей, көріңіз кәне!?

«Ма́о Цзэду́н жолдастың қателігі – оның өзінің дұрыс нәрселеріне өзі қайшылық істегендігінде» депті сол Дэн Сяопин («Дэн Сяопин мақалаларынан таңдамалылар» 432-бет, Ұлттар баспасы, Бежің). Негізі, Сіздің шеттегі қандастарыңызды Атажұрқа шақыруыңыз – Ұлы бастама еді!

Сіздің намысыңыз – менің, бүкіл Қазақстанның намысы! Шеттегі қазақ мәселесінде, қалай да Сіз жағынан, Сіз ел басқарып тұрған тұста кемшілік кетпеу керек қой!

Оны да айта кетейін, ертең «безграждандық» беріп жатсаңыз, сөйлеу құқығым болмай қалуы мүмкін, Сізге тілеулес адам бұл қазақта көп. Мәселесін шешсеңіз, шеттегі бес миллион қазақ түгелімен Сіздің қолдаушыңыз, берік қорғаныңыз. Оған менің зәредей күмәнім жоқ! Бірақ, солардың бәрінен десі басым бір тұлға бар. Ол – жазушы Мұхтар Мағауин!!! Сол құрдасыңызды тыңдаңыз, көбірек ден қойыңыз ол кісінің айтқандарына!!!

5. Қош! Сіз, Нұреке, мемлекеттің тыныштығын өмір бойы дәріптеп келе жатқан басшысыз! Қазақстанның бейбітшілігі мен орнықтылығын ең алдымен сақтайтын бір топ болса, ол – Оралмандар! Осы жолы байқадыңыз ба, төрт жыл кешіктіріліп азаматтық берілетін Заң жобасына Сіз қол қойғаныңызбен, олар қанша шуласа да, тыныш қалды. Неге?! Сіздің бет-беделіңізді сыйлады, «Екі дүниедегі жалғызы – Қазақстанның» (Ермұрат Зейіпханның сөзі) орнықтылығын ойлады! Әйтпесе, миллион оралман оңай күш емес, Нұраға! Жиылып, Ақорданың алдына ереуілге шығу, Кранның басына өрмелеу, «Нұротанның» алдында өзін бензин шашып өртеу, топ-топ болып аштық жарялау деген олардың қолдан сәнге келетін шаруа!

Мен өмірімде жалғыз рет бейбіт шеруге қатынасыппын. Биыл күзде Астанада өткен қазақ жеріне құлаған «Протонға» қарсы. Көші-қон мәселесін айтамыз деп бардық қой баяғы. Басқа елде бодан болып, ұлтыңа теңдік сұрап жүрсең бір сәрі, өзіңнің азат еліңде өзеуреп айғайлаған, ұрандар жазылған плакат көтеріп жүрген бір ыңғайсыз, қорлық іс екен. Менің ұғымымда Сіз қол қойған әр Заң, Сіз қабылдаған әр Қаулы қазақ жүрегіне жайнатып, шырақ жағуы керек! Әр отбасы оны ақсарбас атап, тойлауы тиіс қой! Анау БАҚ-тағы жазылып жатқан дүниелер – Сіз берген баспасөз еркіндігі. Оның үстіне, мынау шеттен келіп жатқан қазақтар ештеңені жасырмай, күлбілтелемей, ашық айтады. Отанына деген адалдықтың, күйінгеннің белгісі – мақтай беру емес, өліп кетсе де шындықты айту!.. Солай болуы керек-те! Сондықтан, менің осынау хатымды оқып, шынымен менің Бәйдібек бабамның тұқымы, қазақ халқының бағына туған Нұрсұлтаны екеніңіз рас болса, әлі де райыңыздан қайтып, Шеттегі қазақтардың шерін тарқатады деп сенем Сізге!

Шеттен келетін қазақтар жұмыссыз қалып, Қазақстанға масыл болады деп еш ойламаңыз. Менің осындағы жақын таныстарымның бәрі жұмыс орынды өздері ашқан. Жұмыссыз қалғышы – мен ғана. Оралман ағайындар мемлекеттен жұмыс сұрау дегенді, ол жұмысты қайдан, кім беретінін әуелі білмейді де. Бабасының азат мекеніне келеді. Берсе, баспанасын береді. Бермесе, оған да өкпелеп жатқан жоқ, қаңырап бос қалған ауылдан баспана сатып алады. Сосын әкелген өз қаражатына мал алып, елдің жерін жалдап, оны жаяды. Сөйтіп, керек болса, жұмысты өздері-ақ қолдан жасайды. Кәзір еліміздің бар қаласындағы дәмханалардың аспаздары сол арғы беттен оралған ағайындардың балалары. Шаштараз, сұлулық салондарында, машина жуатын жерлерде де солар өріп жүр. Моншаға барсаң, білекті түріп алып, арқаңды ысатындар – тағы солар. Астананың көшесін сыпырып жүргендердің қатарында менің жерлестерім аз емес. «Барахолкадағы» өртенген тауардың бірмұншасы және сол шегара аттап келген қазақтардікі. Ақын Адалбек Ахмәди құрдасымдікі де бар екен, өртене берсін, бастан құлақ – садаға, Адалбек! «Селге кеткен жаман, өрттің арты жақсы болады!» деген ырым бар қазақта, әлі байып кетесіңдер. Өлгейден келгендер жасаған үй жиһаздарының сапасы қандай жақсы, бағасы қандай арзан?! Ұлы жайлауларға малын сыйдыра алмай Сізге арызды бұрқыратқандардың түгелге жуығы өз жиендеріңіз, Нұрсұлтан аға. Сіз мұндай еңбекқор, төзімді, Отанына адал қазақты Меккені алты айналсаңыз да таппайсыз...

Түсінбестік, байқамай қалу деген – өмір болған соң, болып тұрады. Кеткен қателік үшін халқыңыздан кешірім сұрай салсаңыз, тіпті жақсы. Онда тұрған дәнеңе жоқ. Елдің президенті Ай мен Күндей сұлу, инабатты, әлем таныған әйелі тұрып, басқа қызбен ойнас жасап, ұсталғаны үшін отандастарынан кешірім сұрады ғой анау жылы?! Оған қарағанда, өз ұлтыңыздың тағдыры, өз қолыңызбен құрған жаңа, Ұлы мемлекетіңіздің болашағы үшін бір иіле салу – Сіздің қолыңыздан келеді. Оған менің Нұрағамның ақылы да, білігі де қаптал жетеді! Егер, қазақтың көбейіп, ұлттық мемлекеттің салтанат құруына сырттан бір күштер кедергі келтіріп отырса, жасырмай айтыңыз, бүкіл қазақ Сіздің жолыңызда өледі! Алдыңғы шепте мен жүрем!!!

Жоқ, «Ол заң өзгермейді, осы беті кетеді!» десеңіз, маған төрт жылға ТҰЛ АЗАМАТТЫҚ (без граждандық) беріңіз, құрметті Нұреке! Алыстан келген ағайындарымды төрт жыл бойы жаутаңдатып қойып, кілең текті тұқымнан туған менің кердеңдеп жүруге адамдық та, ақындық та арым жібермейді! Мен не көрсем де солармен бірге көруге тиіспін. Өйткені, олар елге керек болмағанмен, маған керек! Егер, құсадан өліп кетсем, тағы Сіздің сүйегіңізге таңба болам!!!

Айтпақшы, мені жеке қабылдауыңызды өтінем! Мен Қазақстан Республикасының азаматтығын аларда, арызды Сіздің атыңызға жазғам. Сондықтан, Төлқұжатым мен Жеке бас куәлігімді кері өткізуге мұрсат беріңіз, құрметті Нұреке!! Сізден жауап күтем, мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы!

Зор үміт, үлкен құрметпен, 

ақын жиеніңіз

Ауыт МҰҚИБЕК

16 – 17.12.2013

Астана

Соңы

«Дат» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407