Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1070 0 пікір 5 Маусым, 2024 сағат 17:28

Қазақстандық олигархқа Қырғызстанда іздеу жарияланды

Сурет: Коллаж: Ulysmedia.kz

Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті қазақстандық кәсіпкер, «Вертекс Голд» компаниясының иесі Владимир Жұманбаевқа Қ.Асанбектің (Қамшы Көлбаев) ұйымдасқан қылмыстық тобын қаржыландырғаны үшін іздеу жариялады, деп хабарлайды Abai.kz.

ҰҚМК мәліметінше, тергеу амалдары аясында қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) фактісі бойынша тіркелген сотқа дейінгі іс жүргізу материалдарында ұйымдасқан қылмыстық тобының қызметін қаржыландыру фактілері анықталған.

Аталған тұлға Қ.Асанбектің қылмыстық қоғамдастықтың құрамындағы кәсіпкерлерден рэкет, бопсалау түріндегі заңсыз әрекеттерден жүйелі түрде қаражат алуы, сондай-ақ ауыр қылмыстар үшін бірнеше рет сотталғаны, сондай-ақ оның «адам өлтіру», «адам ұрлау» және «қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) ұйымдастыру» баптарымен аса ауыр қылмыстар бойынша талай рет сотталғанын біле тұра, Қырғыз Республикасының аумағында бірлескен бизнес жобаларды жүзеге асыру үшін қолдау және қамқорлық алу мақсатында Қ.Асанбекпен байланыс орнатқан, - делінген хабарламада.

Аталмыш кәсіпкер «В.Г.К.» ЖШС-нің Қырғыз Республикасы аумағындағы алтын өндірумен, кендер мен бағалы металдарды байытумен айналысатын иесі бола отырып, Қ.Асанбекке 2021-2023 жылдар аралығында ай сайын 1 млн сом жіберіп отырған.

Ал іздеудегі азамат жеке ұшақпен келіп, Қ.Асанбекпен Ыстықкөл облысында орналасқан «Барс» демалыс базасының аумағында кездесіп, демалған.

Аталған тұлғаға қылмыстық қудалау үшін мемлекетаралық іздеу жарияланды.

Abai.kz

0 пікір