Сенбі, 23 Қараша 2024
1219 1 пікір 6 Маусым, 2024 сағат 14:08

Имамдарға желіде уағыз айтуға тыйым салына ма?

Сурет: muslim.kz

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов имамдардың желіде уағыз айтуы жайлы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Abai.kz.

Бүгін  журналистер Ысқақовтан Қазақстанда Өзбекстандағыдай имамдарға желіде уағыз айтуға тыйым салына ма деп сұраған.

– Сөзсіз, бұл мәселеден хабардармыз. Алайда әлеуметтік желі де өз азаматтарымен тілдесудің бір жолы. Сол себепті басқа нұсқаларды қарастырып жатырмыз, бірақ оларға (имамдарға) әлеуметтік желі түрлеріне тыйым салу мәселесі күн тәртібінде жоқ, – деп жауап берді Ысқақов.

Вице-министрдің айтуынша, имамдар жамағатымен онлайн да, офлайн да, стрим арқылы да сөйлесе алады.

Еске сала кетейік, 27 мамырда Өзбекстан мешіттерінің барлық имамдары әлеуметтік желілерге кірмеу және әлеуметтік желілердегі жазбаларға "лайк" қалдырмау туралы ескерту алған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5367