Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4211 0 пікір 26 Желтоқсан, 2013 сағат 07:54

Санта-Клаус Түркияда туған

Әлем елдерінде Қар-әкей, Шэн Дань, Лао жэнь, Санта Клаус, Пер Ноэль, Father Cristmas, Weihnachtsmann, Uofaynykku деген түрліше атауларға ие болған – әулие Николас болатын. Түркі елдерінің өркениетін өздеріне теліп алып, жаңалықты алғаш болып ашқан сыңаймен жер-жаһанға «дамыған ел» деген ой қалыптастыруға әбден машықтанған еуропа елдері сол ақсақал қарияны да өздеріне меншіктепті. Дегенмен, Санта-Клаус – Николастың туған отаны Финля́ндияның Лапландиясы емес екендігі,  оның Түркияның Демр (Мира) деген қаласында туылғандығы жайында ғалымдар  айтып жүр.

  Тарқатып айтар болсақ, III  ғасырдың соңында Түркияның Демр қаласындағы өмір сүрген бай көпестің отбасында болашақ дін қызметшісі Николас дүниеге келген.  Ол жастық шағында пенделік тіршіліктен қол үзіп, монастырьге кетеді. Орта жасқа келгенде Николас Патара қаласының басты дін қызметшісі болып тағайындалады. Аңыз бойынша, осы қалада бір кедей кісінің үш қызы болыпты. Тұрмысы нашар отбасы қыздарын тұрмысқа шығару үшін қанша жинаса да ақшаның басы құралмапты.  Бұл жағдайды естіген дін қызметшісі ол үйге білдірмей келіп, бірнеше қалта алтын тастап кеткен көрінеді. Мол байлыққа кенелген  қыздар  тұрмыстық мәселелерін шешіпті. Сол уақыттан бастап христиандарда  «Қасиетті Николас» мұқтаждарға көмектеседі деген сенім қалыптасады.  

    Николас тумысынан өте қайырымды, жанашыр жан болған. Жетім көрсе жебеп, кедей көрсе қолтығынан демеп тұруға үнемі ұмтылған. Жоғарыда айтқандай, тұрмыс-тіршілігі төмен отбасыларды сырттай бақылап, кеш бата тура сол үйдің төбесіне шығып, пештің мұржасынан ақша, азық-түлік т.б керек-жарақтарды тастап жүретін Николас 343 жылы 65 жасында қайтыс болады.

   Кейін,1087 жылы Патара және Мура қалалары орналасқан аймақты түрік мұсылмандары басып алады. Содан кейін христиандар Николастың табытын жасырын келіп, қазып алып, оның сүйегін Италиядағы Бари аралына алып кеткен. Сол әулие Николастың қайрымдылық жасау үрдісі бүгінде орыстардың жаңа жылында Дед Мороз, Еуропа жақта Санта-Клаус болып сыйлық тарататын мейірімді шал бейнесінде сомдалып жүр. Өйткені Николас жаппай әлем елдерінің сүйіспеншілігіне ие болған жан.

   Тарихқа жүгінсек, әулие Николасқа арнайы Түркияда шіркеу де салынған. Дегенмен, шіркеу бінеше мәрте қираған екен. Алғашында жер сілкінісі салдарынан, кейін 1034 жылы араб әскерлерінің теңіз жақтан басып кіруі кезінде талқандалған.

   Католиктік дәстүр бойынша 6-желтоқсанда әулие Николасты еске алу күні деп белгіліенген. Алайда Еуропада кең өріс алған әлеуметтік-саяси қозғалыс болған тұста алынып тасталған. Дегенмен әлі де католиктердің нанымында ол ең ардақты әулие, балалардың,  кеме жұмыскерлерінің, балықшылардың, саудагерлердің, алаяқтарға алданғандардың, тіпті ұрлық жасап өкінгендердің қамқоршысы саналған.

  Осман империясы кезінде Демр қаласындағы әулие Николас жерленген шіркеуде Грек Константинопль патриархиясының қызметі жалғасын тапқан екен. 1880 жылы ғибадатхананы қайта жаңғыртуға орыстардың қайрымдылық қорлары көмек қолын созған.

  Түркия дауысы радиосының мәліметінше, Демр қаласындағы әулие Николаспен байланыстырылып салынған шіркеуге әлем елдерінен туристер көптеп ағылатын көрінеді. 2010 жылы желтоқсанда Николасты еске алу рәсіміне Стамбұл, Грекия және Ресейден шамамен 500-дей православиялық дін өкілдері келіп қатысқан.

   Дегенмен әулие Николастың отаны Түркия болса да, мұндағы аз ғана еуропаланған мұсылман-түріктер ғана Рождество мерекесін атап өтеді. Ал қалған таза мұсылмандар үшін бұл тек батыстың мерекесі болып саналады. 

   Көшпенді қаза елінің арғы тегі түркілер екені белгілі. Түркі жерінде туылған әулие Николас қайрымдылық қызметімен әлем елдеріне үлгі болды десе болады. Сондықтан  Жаңа жылды мұсылман әлемі Христостың туған күні, Рождество мейрамы демей, Түркілердің қайырымдылық ісі әлемге тараған күн десе артық болмас еді.

   Бір өкініштісі, совет өкіметі таңған кері дәстүрледен арыла алмай келе жатқан біздің қоғам  орыстың жаңа жылын саналарынан біржолата ажыратып тастауға асығар емес. Тіпті осы жат мерекенің шашбауын көтеруде алдыларына жан салмайды. «Алдыңғы дөңгелек қалай жүрсе, артқысы да солай жүреді» дегендей, Тәуелсіздікпен бірге жасасқан жас ұрпақтың да кеңестің «мұрасынан» бойын аулақ әкеткені шамалы. Желтоқсан айы басталысымен-ақ еліміздің кез-келген қаласының көшелеріне шырша тігіліп, әлем-жәлем безендіріліп шыға келетіні осыған дәлел.

   Жалпы, шыршаны шыр айналған жұрт оның тарихи негізіне үңіліп көрді ме екен?  Ресейде бұл мерекені жылдың басы мен шаруашылықтың, тіршіліктің есебін бастауымен қатысты болса, Еуропада Иса пайғамбардың туылған күнімен байланыстырылған.

   Жаңа жылдың мағынасына үңілсек, тіршілік біткеннің қайта жанданып, жаңаша кейіпке енетін шақ екенін аңғартады. Сондықтан да Жылдың басы – Жаңа жыл өлара тыныштыққа ұласқан барлық іс пен тіршілік қаңтарылатын қаңтар айында емес, күннің де, адамның да, жан-жануардың да бойына жылу дарып, жаңаша мейрімді қалыпқа түсетін Наурыз айында басталатынына ешкім дау айта алмайды.

Ерлан БАПАНОВ

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377