Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024
Ақмылтық 1199 0 пікір 19 Маусым, 2024 сағат 17:05

Санкция салқыны: О’Салливан Қазақстан жайлы не деді?

Сурет авторы Асқар Ахметуллин / kz.kursiv.media

Астанаға ат басын ЕО санкция бойынша арнайы өкілі Дэвид О’Салливан тіреді.

Дэвид О’Салливан: «Біз Қазақстанға импорттың едәуір өскенін көріп отырмыз және оның Ресейге қайта бағытталуы мүмкін екендігіне алаңдаушылық білдіреміз. Біз Қазақстанның санкцияларға қосылмау туралы шешімін құрметтейміз. Біз санкцияларды Қазақстан аумағы арқылы айналып өтуге жол бермеуді сұраймыз», - деп мәлімдеді Елордадағы баспасөз-конференциясында сейсенбі күні.

Арнайы өкіл ЕО Қазақстанның ірі сауда серіктесі және экономикалық ынтымақтастықты дамыту міндеттемелері бар тікелей шетелдік инвестициялардың ірі көзі болып табылатынын атап өтіп, Қазақстанмен визалық рәсімдерді жеңілдету бойынша келіссөздердің басталғанын мәлімдеді.

«Біз басынан бастап Қазақстанның санкцияларға қосылмау туралы шешімін құрметтейтініміз туралы өз ұстанымымызды жариялағаныбыз. Жәнеде біз Қазақстаннан мұны ешқашан қалап сұрамағанымызды нақты басын ашып айтқымыз келеді.

Қазақстаннан тек үлкен жетілік елдері енгізген санкцияларды айналып өтудің тұғырнамасына айналмау үшін санкцияларды Қазақстан аумағы арқылы айналып өтуге жол бермеуді ғана сұраймыз. Біз Қазақстан тарапынан мұндай жағдай болмайтынына және әскери мақсаттағы бұйымдар қайта бағытталмайтынына немесе Ресейге қайта экспортталмайтынына кепілдік бергені үшін ризамыз», - деді О'Салливан.

ЕО санкция бойынша арнайы өкілі Еуроодақтың алаңдаушылығы Қазақстаннан санкциялық тауарлардың Ресейге кері экспорты туындауы мүмкін екендігінде екенін атап өте келе:

«Санкциялар мәселесіне келер болсақ, иә, қазақстандық тарапта қазір талқылап жатқан бірнеше проблемалық мәселелер пайда болды. Мәселе КҚК құбырының жұмыс істеуі мен жұмыс істеуіне қатысты болды», - деп түйіндеді О'Салливан.

Ресейге қатысты санкциялар Владимир Путиннің «канибализм саясатын жүргізіп отырғанына» байланысты қажет екенін түсіндірген ЕО өкілінің айтуынша, тағы бір маңызды мәселе Еуразиялық даму банкінің блұғатталған активтері болды. Енді олар іске қосылып, тек Қазақстандағы жобаларға бағытталатынын. Сонымен қатар, О'Салливан санкциялық тізімге енген Қазақстан арқылы импортталатын және кері экспортталатын өнімдер көрсеткішіндегі айтарлықтай прогресс пен құлдырауды атап өтті.

«Біздің тізіміміздің осы 50 позициясы жалпы тауар айналымының 1% ғана құрайды. Бұл шын мәнінде бұйымдардың шағын ауқым, өнімнің көлемі жағынан да, құндылығы жағынан да шағын ауқым. Бірақ олардың қару-жарақ үшін құндылығы бар. Біз бұл мәселеде 2023 жылдың сәуірінен бастап белгілі бір ілгерілеушіліктерге қол жеткіздік. Біз Қазақстан арқылы осы бұйымдардың импорты мен кері экспорты көрсеткіштерінде айтарлықтай төмендеуді көріп отырмыз. Бұл жерде алға басушылық байқалады», - деп атап өтті ЕО арнайы өкілі.

Сейсенбі күнгі Елордадағы баспасөз-конференция соңында ЕО санкция бойынша арнайы өкілі Еуроодақ Қазақстанмен ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл деңгейіне тұтастай риза екенін баса айтты.

Abai.kz

0 пікір