Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
2281 1 пікір 21 Маусым, 2024 сағат 16:02

Әр істің қайыры бар: су тасқыны елдегі су қоймаларын 90% толтырды

Сурет: egemen.kz

Биыл бірнеше өңірде су тасқыны орын алып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланған болатын.Су ресурстары және ирригациялар министрі Нұржан Нұржігітов елдегі су тасқынынан кейін миллиардтаған текше метр су ауыл шаруашылығы, өндіріс саласының пайдасына жарап жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды Abai.kz.

– Жалпы су қоймаларында 12,5 млрд текше метр су жиналды. Қазір елде үлкен 87 су қоймасы бар. Оның бәрі 90 пайызға артық толып тұр. Ауыл шаруашылығы, өндіріс саласының пайдасына жарап жатыр. Одан бөлек, Каспий теңізіне 5 млрд текше метр су жіберілді. Балқаш көліне 3 млрд текше метрден астам су жібердік. Қызылорда облысындағы Тереңкөлге 1 млрд текше метр су жіберілді. Сол секілді Павлодар облысындағы жайылым 6,7 млрд текше метр су жіберілген. Жалпы есептегенде, су тасқынынан кейін 18 млрд текше метр су пайдаға жарады. 12,5 млрд текше метр суды қосымша жинадық, – дейді Нұржан Нұржігітов.

 Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 942
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2426
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 645
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 629