Сенбі, 23 Қараша 2024
1076 1 пікір 21 Маусым, 2024 сағат 15:46

ҰБТ тапсырған 396 талапкердің нәтижесі жойылды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ҰБТ кезінде ереже бұзғаны үшін 396 талапкердің нәтижесі жойылды, деп хабарлайды Abai.kz Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап.

ҰБТ басталғалы шекті балды 76% талапкер жинады.

Ең жоғары балл — 138, сегіз адам 137 балл жинады.

  • ҰБТ тапсырушыларының:
  • 18 пайызы — "Математика-Физика";
  • 16 пайызы — "Биология-Химия";
  • 15 пайызы — "Шығармашылық емтихан" комбинациясын таңдаған.

Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға бес аптаның ішінде 577 талапкер қатысты.

Бүгінгі таңда 396 ереже бұзу фактісі анықталды. Оның ішінде 267 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 120 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды.

Бейнежазбаны тексерген соң ереже бұзған тоғыз адамның нәтижесі жойылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5357