Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
2355 0 пікір 24 Маусым, 2024 сағат 11:01

Брейкинг алғаш рет Олимпиада бағдарламасына енді

Сурет: time.kz

Олимпиада ойындарында брейкингтен Қазақстан намысын қорғайтын алғашқы спортшы деп Әмір Зәкіров атанды, деп хабарлайды Abai.kz.

Ресми мәліметтің дерегінше, Мажарстан астанасы Будапеште өткен іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша Әмір Олимпиада жолдамасын еншіледі. Ол жарыстың финалына дейін жетіп, ақтық сында Нидерланд өкілі Lee-ге есе жіберді. Осылайша, екінші орын алды. Үшінші орынды Оңтүстік Кореядан келген Hong10 иеленді. Екі іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Әмір 71 ұпай жинады (Шанхайдағы жарыста ол 15-орын алған). Жалпы есепте қазақстандық би-бой алтыншы орынға жайғасты. Бұл нәтиже оған Олимпиада жолдамасын алуға мүмкіндік берді.

Ескере кету керек, брейкинг алғаш рет Олимпиада бағдарламасына еніп отыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1054
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2599
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 738
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 700