Сенбі, 11 Қазан 2025
1411 2 пікір 24 Маусым, 2024 сағат 12:08

Еуроодақ Ресей мен Беларус бидайын алудан бас тартты

Сурет: egemen.kz

Қазақстанға шетелден бидай әкелуге тыйым салынған. Осы тұста ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Ресей мен Беларусьтен ЕО-ға астық импортын шектеу туралы шешім Қазақстанға қалай әсер ететіндігіне жауап берді.

– Тұқымды қоспағанда, біздің елге бидай әкелуге тыйым салынған. Сондай-ақ теміржол көлігімен бидай әкелуге шектеулер енгізілген. Бірақ транзит бар, біз оған кедергі жасай алмаймыз. Қырғызстан бірнеше жыл бойы біздің бидайды қабылдамайды – Ресейден алады. Негізгі тұтынушылар – Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан. Олар қалады. Сонымен қатар, жақсы экспорттық бағыт – Қытай. Былтыр ол жаққа 1,5 млн тонна астық жөнелтілді, - деді ол.

Сондай-ақ вице-министр транзит кезінде жоғары тариф қолданылатындығын айтты.

– Бұл қалыпты тәжірибе. Басқа елдерге де транзиттік тариф төлейміз. Бұл біздің дәстүрлі нарықтарымызды басып алуға мүмкіндік бермейтін тосқауыл. Бірақ біз жағдайды пайдаланып, экспорттық бағыттарды дамытуымыз керек, - деді ол.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 810
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9870