Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
2877 3 пікір 25 Маусым, 2024 сағат 11:19

Бірыңғай уақыт белдеуі қалпына келуі мүмкін

Сурет: mygazeta.com

Қазақстандағы уақыт белдеуі бір сағат кері шегінуімен халық арасында соңғы уақыттары мәселе туындады. Мәселен жұмыстан қайтушылар тым қараңғыда қайттық десе, енді бір бөлігі түнде таң атып тұрғандай, ұйықтауға қолайсыз деп, т.б шағымдана бастады.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Үкіметте өткен брифингте елімізде бірыңғай уақыт белдеуіне көшуге байланысты жұмыс уақыты өзгеруі мүмкін екендігін мәлімдеді.

"Бізге көп хат келіп жатыр, біз оларға жауап береміз. Жұмыс беруші мен жұмысшының арасында келісімшарт бар, жұмыс кестесін екі жақ бірге жасайды. Сондықтан қараңғыда жұмыс істемеуі үшін, жұмыс берушімен келісіп, жұмыс кестесін қайта қарай алады. Негізі бұл күрделі сұрақ емес", – деді Светлана Жақыпова.

Сонымен қатар министр жеке және бюджеттік мекемелерге ұсыныс берілгенін айтты.

"Ұсыныс бердік, яғни, жұмыс бір сағатқа ерте басталуы мүмкін. Негізі келісімшарт екіжақты жасалады. Ол Еңбек кодексінде жазылған, заңға сәйкес", – деп толықтырды ведомство басшысы.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 930
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2415
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 639
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 624