Жұма, 22 Қараша 2024
1146 0 пікір 25 Маусым, 2024 сағат 13:30

3 664 отбасы жаңа баспанаға ие болмақ

Сурет: x.com

Үкімет су тасқыны салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсету бойынша жұмысты жалғастырып отыр.

Зерттеу қорытындылары бойынша, 9 306 баспана қалпына келетін санатқа жатады. Су тасқынынан зардап шеккен үйлерді жөндеуге 257 миллиард теңге қажет.

"Шамамен 67 мың адам өз үйлеріне оралды, эвакуациялық пункттердегі 3 664 тұрғынға барлық қажет көмек көрсетіліп жатыр. Су тасқыны басталғаннан бері барлығы 12 086 тұрғын үй мен 7 380 жалғыз баспана саяжай құрылыстары су астында қалды. Жалпы зардап шеккен өңірлерде 18 228 тұрғын үй зерттелді. Бұл — 94 пайыз. 15 651 нысан бойынша бағалау аяқталды. Бұл — 81 пайыз. 8 190 баспана қалпына келтірілмейтін санатқа жатқызылып, олар бойынша қайталама нарықтан 5 714 баспана сатып алу және 2576 типтік жобада баспана құрылыстары жоспарланған. Жалпы, тұрғын үйді қалпына келтіруге шамамен 257 миллиард теңге қажет. Қазіргі уақытта 6 176 отбасы жалпы сомасы 40 млрд теңгеге баспана жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы алды. Зардап шеккен аймақтарда бүгінде 3 414 отбасына қираған тұрғын үйдің орнына жаңа үйлер мен пәтерлер сатып алынды немесе өтемақы төленді", – деді үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303