Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
3242 4 пікір 27 Маусым, 2024 сағат 15:34

Риддер қаласыра жаңа әкім тағайындалды

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Риддер қаласының әкімі лауазымына Думан Рахметқалиев тағайындалды, деп хабарлады ШҚО әкімдігі.

Нұрымбет Сақтағанов қала активіне жаңа әкімді таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Думан Рахметқалиев Шығыс Қазақстан облысы Таврия ауданы Ахмирово ауылының тумасы.

Прага халықаралық университетінде "Экономика" мамандығын, Қазақстан-Америка еркін университетін "Құқық магистрі" біліктілігі бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2011 жылы Өскемен қаласының "Теплоэнергоснаб" ЖШС экономисі қызметінен бастады.

Астана қаласы "Қазатомөнеркәсіп-Демеу" ЖШС-да, ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Орман және аңшылық шаруашылығына жедел ден қою отрядында жұмыс істеді.

"Ертіс ӘКК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

2020 жылғы сәуір айынан бастап Шығыс Қазақстан облысының Қаржы басқармасын басқарды.

2023 жылғы сәуір айында Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының әкімі лауазымына тағайындалған.

Сурет: gov.kz

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 967
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2481
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 672
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 644