Сенбі, 23 Қараша 2024
1267 2 пікір 1 Шілде, 2024 сағат 18:19

Мемлекетке 312 млрд теңге заңсыз актив қайтарылды

Сурет: zakon.kz

Бүгін, 1 шілде күні Бас прокуратурада 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының жұмыс қорытындысы бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті. 

Жиында активтерді қайтару бойынша мемлекетке 312 млрд теңге, оның ішінде шетелден – 63 млрд теңге қайтарылғаны айтылды. 50 млрд теңгеге 513 мың гектар олигополия жері тәркіленген.

«Жалпы әлеуметтік-экономикалық салада прокурорлардың актілері бойынша 2,5 млн адамның құқықтары қалпына келтірілді. Бюджетке 41 млрд теңге көлемінде келтірілген залал өтелді. 167 қылмыстық іс қозғалды, 75 адам сотталды», - делінген хабарламада.

Бас прокуратураның мәліметінше, биыл заңсыз ұсталған 708 адам босатылған.

«Тергеу барысында заңдылықты қамтамасыз ету шеңберінде прокурорлар 800-ден астам азаматты қылмыстық ортаға негізсіз тартудың жолын кесті. Конституциялық құқықтардың бұзылуы үш еседен астам төмендеді. Прокурорлардың наразылықтары мен өтініштері бойынша 34 сотталушының жағдайы жақсарды, 2 адам ақталды. 708 заңсыз ұсталған адам босатылды.

Сондай-ақ биыл арнайы прокурорлар бірқатар резонанстық істер бойынша  тергеп-тексеруді аяқтады және оларды сотқа жіберді. Конституциялық Сотта 10 іс жүргізу бойынша құқықтық қорытындылар берілді. Конституциялық Сот Бас Прокурордың 2 жолданымы бойынша оң шешімдер шығарды», - деп жазды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371