Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1234 1 пікір 3 Шілде, 2024 сағат 13:55

Әзербайжан президенті Астанаға келді

Сурет: Үкімет

ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Астанаға келді, деп хабарлайды Abai.kz.

Президентті Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев қарсы алды. Ильхам Әлиев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 24-ші отырысына қатысу үшін Астанаға келді.

Қазақстан мен Әзербайжан арасында бүгінгі таңда екіжақты тауар айналымының тұрақты өсімі қамтамасыз етілген. Мәселен, 2023 жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда 14,4%-ға өсіп, $529,4 млн-ға жетті. Биыл да оң үрдіс сақталуда: 4 айда тауар айналымы 0,5%-ға – $184,9 млн-ға дейін өсті.

Бүгінде Әзербайжан аумағы арқылы Еуропа бағытында қазақстандық мұнайды жеткізу жолға қойылып, қаңтар-сәуір айларында барлығы 494 мың тонна мұнай жөнелтілген.

Abai.kz

1 пікір