Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1310 0 пікір 3 Шілде, 2024 сағат 14:16

Азия чемпионаты: қазақстандықтар 9 медаль жеңіп алды

Сурет: ҚР ҰОК

Амманда күрес түрлерінен жастар арасындағы Азия біріншілігі өтіп жатыр, деп хабарлайды Abai.kz.

Ұлттық Олимпиада жалпыкомандалық есебінде үш алтынмен жеңіске жетіп, балуандарымыз үш алтын, төрт күміс және екі қола медаль жеңіп алды.

Жеңімпаздар қатарынан Ербол Камалиев (55 келіге дейін), Нұрсұлтан Базарбаев (63 келіге дейін), Мерей Мәулітқанов (72 келіге дейін) табылды.

Ал Диас Әскербай (67 келіге дейін), Расул Жүніс (77 келіге дейін), Альмир Төлебаев (82 келіге дейін) және Мақсат Сайлау (87 келіге дейін) чемпионатты екінші орынмен аяқтаса, Бақдәулет Азамат (97 келіге дейін), Асылбек Жәнібекұлы (130 келіге дейін) үшінші орын иеленді.

Abai.kz

0 пікір