Жұма, 20 Қыркүйек 2024
776 0 пікір 9 Шілде, 2024 сағат 11:44

Еліміздегі ақылы жолдар тарифі өсуі мүмкін

Көлік министрі Марат Қарабаевтың мәлімдемесі бойынша Қазақстанда ақылы жолдар тарифі өсуі мүмкін. Бұл туралы ол үкімет отырысында баяндады.

Министр елдегі жолдың ақысы басқа елдермен (Ресей, Беларусь, Түркия, Қытай, Польша және т.б.) салыстырғанда төмен екенін атап өтті.

"Осыған байланысты күтіп ұстау шығындарын толық өтеу үшін қолданыстағы тарифті 20 пайызға арттыру мәселесі пысықталып жатыр. Бұл ретте жергілікті жүргізушілерге тиісті жеңілдіктер қарастырылады", – деді Марат Қарабаев.

Оның айтуынша, жүктеме ел арқылы өтетін транзиттік көліктерге бағытталады.

Сурет: egemen.kz

Abai.kz

0 пікір