Мұхтар Шерім. Е-е, бейшара қазақ, неге өлгеніңді білесің бе?..
Естімедіңіздер ме? Мені атып кетті... Тура қақ маңдайымнан, сосын «кәнтрөлный» деп жүрегімнен атып тастады. Әуелі не үшін атқандарын сұрағым келген, үлгере алмадым, сұрауға уақытым да жоқ еді, жан тәсілім етіп бара жатырмын ғой. Бір кезде өлі денемнен Жан болып ұшып шықтым. Жеп- жеңілмін, бес грамм да шықпайтын шығармын? Мәйітімді қимай тұрып: «Е-е, бейшара қазақ, неге өлгеніңді білесің бе? Билікке жақпай қалдың. Жаңаша ойлай бастадың, жағымпаздануды білмедің, кландарға қырғи болдың, өтірік патриоттар мен ұраншылдарды әшкереледің. Ал, не болды? Өлдің де қалдың... Сауап саған!» дедім мырс-мырс күліп.
Бір қызығы, менің даусымды ешкім естімеді, ешкім мені көрмеді. Шөлдеген соң су ішіп едім, сұлбамның әр жері жыртық екен, сарылдап ағып кете берді. Қарасам, мені атып тастаған жалдамалылар қарқ-қарқ күліп, көліктерінде кетіп барады екен, ұшып барып, біреуінің басына салып қалдым. Ол «Саған не болды?» деп жанындағы қанішерден сұрады. «Өй, сен неге мұрнымның ішіндегі жүнімді жұлып жатырсың?» деп сұрады анау бұрылып. Жыным келді. Беттеріне түкіріп едім, бір-бірінен: «Неге жылап отырымыз, а?» деп сұрасты.

Ұшып жүрмін. Қазақстанымды айналып. Құдайым-ау, әділетсіздіктерден көз ашпай келеді екенбіз ғой! Сотың да, финполың да, салықшың да, білім министрлігіндегі шенеуніктер де пара алып жатыр! Бәрінің қолдарын қақтым, беттерін тістедім, жүгіріп келіп теуіп жіберемін. Былқ етсейші. Енді... Мен әшейін... Жанмын ғой. Сұлбамын... О тоба, ертеңіне мен туралы газеттерде былай деп жазыпты: «Ол өзін-өзі жек көргені соншалық, өзін-өзі аямастан төрт рет атты... Тірі болғанда, өзін атқаны үшін сотталатын еді...» депті. Билікте бет жоқ екен ғой!
Ішкі істер министрінің кабинетіне ұшып бардым. Министр кофе ішіп отыр екен. «Оңбағансың! Қалай ұялмайсың, а?» - дедім айқайлап. Естімеді. Кофесінің ішіне түсіп, шомыла бастаған едім, ол мені ішіп қойды. Кеңірдегі арқылы сырғанап, асқазанына топ етіп түстім. Асқазаны қап қараңғы екен, не свет жоқ, не газ жоқ, не теледидар жоқ, жата-жата ішім пысты. Өзінің де мемлекеттен жемеген нәрсесі жоқ екен! Асқазанының экологиясы жүдә нашар... Кеңірдегіне жабыса өрмелеп, жүрегін тыңдадым. Сөйтсем, тапсырыс алушылар тағы бір саяси тұлғаны көмекшілерімен қоса атып тастапты. Жүрегі соған қуана соғып тұр! Ол есінеп жатқанда, аузынан ұшып шықтым.
«Қазақты қазақ қорлады-ау!» - деп күйініп, шекара жаққа ұшып келсем, құдайым-ау, шекара генералы шпиондармен шәй ішіп отыр! Біз жаққа өткізгені үшін пара алды менің көзімше... Мойнынан қылғындырып едім, тамағын қасыды да қойды. Көзін шұқып едім, көзін жұмып қалғанда, саусағым кірпіктеріне қысылып қалып, айқайлап жібердім. Жаман ауырып кетті... «Құдая бетің құрысын!» - деп ұшып кеттім.
Ұшып жүрсем, көкте мен сияқты ЖАН рухтары көп екен! Жер бетіндегі жазықсыз қырылғандардың Жандары қалықтап жүр. Желтоқсан құрбандарының, Жаңаөзенде қырылғандардың ЖАН періштелері ұшып келіп, менің атылып өлгеніме көңіл айтып жатыр. Бір кезде біреу иығымнан түртті. Жас жігіттің Жаны екен. «Аға, Америка президенті Обама әйелімен ажырасайын деп жатыр дейді, әйеліне қырындап қайтсам бола ма?» деп сұрайды. «Жындысың ба? Олар тойғаннан ажырасады, өзің неге өлдің?» деп сұрадым. «Бір байдың баласы машинасымен мыжып кетті... Бірақ сотталған жоқ...» - деді ол мұңайып. Содан жарық дүниедегі үйіне қонаққа шақырды. Үйіне барсақ, жылы өтпей жатып, әйелі көңілдесімен құшақтасып отыр екен. Жігіттің жыны келіп, әйелінің шашынан тартты. Көңілдесінің кіндігін шұқылады. Мұрнынан шертті. Олар елең қылмай, шешіне бастағанда, ұялғанымнан ұшып кеттім. Ал, ұялмайтындар жер бетінде жыбырлап жүр...
Әй, адамдар-ай, кейбірің адам емессіңдер ғой!
Abai.kz