Рауан Кенжеханұлы YPO Kazakhstan ұйымының төрағасы болды
Өздеріңізге белгілі YPO Kazakhstan ұйымының басшысы әр жылы шілдеде ауысып отырады.
Биыл да Халықаралық Young President Organization ұйымының Қазақстандық бөлімшесінің төрағасы ауысты. Жаңа қызметке Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамдық бірлестігінің президенті Рауан Кенжеханұлы жетекшілік етеді.
YPO ұйымының құрылғанына биыл 75 жыл. Ал Қазақстанда оның бөлімшесі 2011 жылы құрылған болатын.
"Ұйымның мақсаты – өзара білім және тәжірибе бөлісу арқылы кәсіпкерлер ортасының өсуіне ықпал ету. Елдегі кәсіпкерлікті дамыту, кәсіп жүргізудегі ілгері халықаралық талаптар мен тәжірибенің орнығып, таралуына жағдай жасау. Кәсіпкерлер арасындағы өзара сенімге негізделген, мағыналы, мәнді қарым-қатынас дамыту, қоғам мен елге пайдалы бизнес жүргізу идеясына қызмет ету. Осы мақсатта YPO Kazakhstan жыл сайын ондаған бизнес форум, оқу-ағарту жиындары мен қайырымдылық шараларын өткізеді", – деп жазды Рауан Кенжеханұлы.
Оның айтуынша, қазір қазақстандық YPO-ға 44 кәсіпкер мүше. Алдағы 3-4 жылда 100 мүшеге жету міндеті тұр
Суретте: Рауан Кенжеханұлы
Abai.kz