Қаржы пирамидаларына қатысты 22 қылмыстық іс тергеліп жатыр
Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметінше Қазақстанда қаржы пирамидаларына қатысты 22 қылмыстық іс тергеліп жатыр.
"Азаматтарды алаяқтық схемаларға тартудан қорғау мақсатында қаржы пирамидаларын ұйымдастырушыларға қатысты 22 тергеу басталды. Құқыққа қарсы мазмұндағы 14 мың сілтеме алдын ала бұғатталып, 100-ден астам құқыққа қарсы чаттар мен аккаунттар жойылды. Жалпы қылмыстық істер бойынша өтем 3,5 есе (48,3-тен 164,4 млрд теңгеге дейін), оның ішінде ақша жеті есе (11-ден 79 млрд теңгеге дейін) ұлғайды, бұл жұмыс тиімділігінің артқанын көрсетеді", – делінген хабарламада.
Бұдан бөлек, 19,2 миллиард теңгеге бюджет қаражатын ұрлаудың 111 фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Сурет: egemen.kz
Abai.kz