Сенбі, 23 Қараша 2024
889 0 пікір 17 Шілде, 2024 сағат 16:05

Астанада Euronews-тің өңірлік өкілдігі ашылады

gov.kz

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Давидпен кездесті. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуде тараптар Қазақстанның Euronews-пен ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қойды.

«Euronews өңірлік өкілдігінің ашылуы – арнаның халықаралық аудиторияға Қазақстанның экономикалық, саяси, әлеуметтік және мәдени дамуын жан-жақты насихаттауына үлкен мүмкіндік береді», - деп атап өтті министр.

Euronews өңірлік өкілдігінің ашылуы қазақстандық журналистерге көп мүмкіндік сыйлайды. Кездесу барысында отандық телеарна қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға арналған оқыту тренингтері мен шеберлік сыныптарын өткізу мәселесі талқыланды. Бұл қазақстандық БАҚ өкілдерінің кәсіби біліктілігін арттыруға септігін тигізеді.

«Талқылау әрі меморандумға қол қою қысқа уақытта жасалды, бұл екі тараптың да жемісті ынтымақтастыққа мүдделі екендігін және оның маңызын айқындайды. Біз үшін қазақстандық журналистерді жан-жақты қолдау маңызды. Біз ортақ жұмыс үшін еуропалық журналистерді Қазақстанға әкеліп қана қоймай, қазақстандық БАҚ арасында жаңа тұлғаларды, талантты жастарды іздейтін боламыз», – деді Педро Варгас Давид.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435