Сенбі, 23 Қараша 2024
975 0 пікір 18 Шілде, 2024 сағат 13:13

Министрлік онлайн-казино туралы шындықты айтты

Сурет: dsnews.ua

Вице-министр Мирас Төлебаев Қазақстанда ресми букмекерлік қызметке лицензия қажет екенін, онлайн-казиноларға тыйым салынғанын, алайда мұндай шаралардың жеткіліксіз екенін атап өтті. Аталмыш мәселе бойынша туризм және спорт министрлігі әзірге интернет-казиноларды насихаттау мәселесін толық шешудің жолын білмейді.

"Өкінішке орай, бұл мәселенің әмбебап шешімі жоқ. Интернет-казинолар тіпті ғаламтор қатаң бақыланатын елдерде де гүлденіп тұр", - деді ол.

Қанша жерден тыйым салынған интернет-ресурстарды бұғаттасақта, олар басқа шығу жолын жылдам табуда.

"Ұйымдастырушылар дереу басқа сайттар ашып, тыйым салынған қызметін жалғастырып жатыр", - деп қосты спикер.

Құмар ойындар туралы заң күшіне енгеннен кейін онлайн-казино ұйымдастырушылар ҚР ҚК-нің 307-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ, ол құмар ойын бизнесінің заңды ұйымдастырушыларының тізімі министрлік сайтында және е-лицензиялау порталында қолжетімді екенін айтты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475