Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек жібері
"Biz Birgemiz Qazaqstan" қоғамдық қоры Қырғызстандағы селден зардап шеккендерге қолдау көрсету үшін 40 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Бұл туралы Abai.kz хабарлайды.
Қырғызстан төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 19 шілде күні таңертең жүк көліктері "Ақ-Тілек" қазақ-қырғыз шекара бекетінен өтіп, Ош облысына жолға шыққан.
"Гуманитарлық көмек тиелген көлікте азық-түлік өнімдері – ұн, қант және басқа да өнімдер, ең қажет тауарлар, сонымен қатар гигиеналық заттар бар", – делінген хабарламада.
Еске салайық, 14 шілдеде Ош қаласы мен Ош облысында жойқын сел болып, салдарынан бес адам қаза болды.
Сурет: aikyn.kz
Abai.kz