Сенбі, 23 Қараша 2024
880 0 пікір 19 Шілде, 2024 сағат 14:49

Қазақстанда несиелердің мөлшерін шектеу ұсынылды

Қаржы нарығын реттеу агенттігінің қаулысымен Қазақстанда несиелер мен микрокредиттердің мөлшерін шектеу ұсынылды.

Қаулы күшіне енсе, бұдан былай азаматтар кепілсіз 8 миллион теңгеден артық қарыз ала алмайды. Бұл тәртіп микроқаржы ұйымдарына да қолданылмақ.

Бұл күндері Қазақстандықтардың 8,5 миллионға жуығы кредитке батып, несиені несиемен жауып жүр.

Сол себепті екінші деңгейлі банктер кепілсіз беретін қарыз мөлшерін 8 миллион, ал микрокредиттерді 4 миллион теңгеден асырмауды көздеп отыр.

"2024 жылғы 19 маусымындағы заңымен банктер мен микроқаржы ұйымдарына сомасы агенттіктің нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін тұтынушылық қарыздарды беруге тыйым салынады. Ол тұтастай алғанда борыштық жүктеменің шамадан тыс өсуіне жол бермеуге және халықтың шамадан артық кредит алуын төмендетуге ықпал етпек. Ал халықтың бұл мәселеге қатысты пікірі әртүрлі. Бірі қарыз мөлшерінің белгілі бір межесі болғанын құптаса, енді бірі әркімнің таңдау еркіндігі сақталғаны дұрыс деген ойда. Жалпы жұрт шектеуді несиенің сомасына емес, әуелі пайызына қою керек", – деді қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі департаментінің бас маманы Нұрбол Райымқұлов.

Ескере кететін жайт, қаулының кепілдік қою арқылы рәсімделетін несиелерге қатысы жоқ. Ол процесс әдеттегідей іске аса береді.

Сурет: omskregion.info

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475