Сенбі, 23 Қараша 2024
878 0 пікір 19 Шілде, 2024 сағат 15:01

Арыстанбек Мұхамедиұлына тиесілі спорт мектебі мемлекетке қайтарылды

11 жылға сотталған экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлына тиесілі су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі мемлекетке қайтарылды, деп хабарлайды Abai.kz.

Алматы қаласы прокуратурасының мәліметінше, Алматы қаласы Жетісу ауданы прокуратурасының талап-арызы бойынша құны 1,2 миллиард теңге болатын мемлекеттік мүлік қайтарылды.

"17 шілде күні Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебін сату жөніндегі мәмілені жарамсыз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енді", – делінген хабарламада.

Сотта нысанның нарықтық құнын 551 миллион теңгеге төмендету көрініс тапқан заңбұзушылықтар расталды.

Әкімшілік ғимараттардың, спорт залдарының және басқа да құрылыстардың 7,6 мың шаршы метр, сонымен қатар 4,9 гектар жерді құрайтын мектептің мүлкіне Арыстанбек Мұхамедиұлымен аффилиирленген тұлғаларға тиесілі "Nomad's Land" ЖШС иелік еткен.

Сурет: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есен

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475