Сенбі, 23 Қараша 2024
1168 0 пікір 19 Шілде, 2024 сағат 22:22

Түркиядағы домбыра мерекесі

Суреттер Ержан Уәйістің жеке мұрағатынан алынды

Қазақтың қасиетті қара домбырасын ұлықтауға арналған ұлттық мереке, кең байтақ Қазақ жерінен тысқары шет мемлекеттерде де кеңінен атап өтілді.

Анадолы елінде, Түркия жерінде Ыстамбұлдағы Абай ескерткіші алаңында мыңдаған өнер сүйер қауым, осында тұратын Қазақ қандастарымыз, жергілікті Түрік бауырларымыз, осындағы студент жастарымыз көптеп жиналды.

Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Шараны Ыстамбұлдағы Қазақ Бас Консулдығы ұйымдастырды.

Қазақ бауырларымыз көптеп қоныстанған Зейтінбурни жане Бағжылар аудандарының әкімдіктері қолдау көрсетті.

Домбыра – Қазақ халқының ұлттық аспабы, төл мәдениетімізді жан жақты таныстыратын асыл мұрамыз.

Ғалымдар: «Археологиялық олжалардың ішінде кем дегенде осыдан екі мың жыл бұрын тұтынылған қос ішекті аспабтың бейнесі назар аудартады, бұған бүгінгі күннің ең тектес, ең жақын аспабы ретінде Қазақтың домбырасы мен Қырғыздың қомузын жатқызуға болады», - дейді.

Домбыраның қағысы-шертілімі мен Қазақтың кең байтақ сахарасы, әсем табиғаты, көлі мен шөлі, өзен таулары көз алдымызға келеді.

Мемлекет басшысы Қасымжомарт Тоқаев: «Домбыра Қазақтың жаны, ұлттық болмысының айнасы.

«Нағыз Қазақ Қазақ емес, нағыз Қазақ домбыра». Біз ұлттық бірегейлігімізді сақтағымыз келсе, қастерлі аспабты қадір тұтуымыз қажет. Ол біздің тереңінен тамыр тартатын төл тарихымыздың куәгері. Мерейлі мереке өнерімізді өрге шығарып тұтастығымызды нығайта түсү үшін керек», - деп айтулы күннің маңыздылығын айқындап берді.

Өткен жылы қараша айында Ыстамбұлда Қазақ диаспорасы көп шоғырланған, жеті жүз мың адам тұратын Зейтінбурни ауданындағы Абай мектеп лицеиінде және бір миллион халқы бар Бағыжылар ауданындағы Гүнешлі қалашығында «Алтай» Қазақ қауымдастығы қоғамының мәдениет үйінде домбыра үйірмелері ашылды. Оған жетпіске жуық өнерге қабілеті бар жастар қабылданды.

Түриядағы Қазақ елшісі Еркебұлан Сәпиев, Ыстамбұлдағы Бас консул Нуридин Аманқұлдың арнайы ұйымдастыруымен Қазақстанға сексен домбыраға тапсырыс беріп, екі ауданға қырық қырық тан тең бөліп берген еді.

Міне, сол жеті-сегіз айда үйренген өнерлі жастар бүгінде домбыра ансамбілін ілгері дамытып отыр. Оған Түркияға есімі белгілі домбырашы, Түркістандағы Қазақ Түрік университетінің түлегі Седат Шолақоғлы және белгілі Қазақ кәсіпкері, домбырашы, дәстүрлі әнші Хусейн Ертұғырыл жетекшілік етеді.

Бұл домбырашылар құрамы Түркияның басқа қалаларында да өнер көрсетуде.

Игілікті істің ұйытқысы болып отырған Бас консул мырзаға басқа аймақтарда да домбыра класын ашуға өтініштер көптеп түсуде. Өйткені, Бас консул жеті айдың көлемінде Ыстамбұлдағы елуден астам университеттерде кездесулер өткізіп, Қазақстан мен Түрік арасындағы экономикалық байланыстар, ғылым мен білім, мәдениетті дамытуды кеңінен сөз етуде.

Домбыра күнінде ұстаздармен жас домбырашылар: Седат, Хусейн, Мәрзия Қарабазар, Акиф Балшы, Еркан Қарадуман, Тілесхан Алпамыс, Илана Сарпекова, Арыслан Әзімбек, Бибі Рабия, Меруерт Мухаммадан, Арыслан Жолшы, Сайыт Ефе, «Дүрдараз» әнін орындаған Майра Сағатова тағы басқалар домбырада күй тартып, Қазақтың әсем әндерін шырқады.

Қазақстаннан арнайы келген «Әлдидай» тобының әншісі Айдана Қәділова жеке орындауда тамаша өнер көрсетті. Домбырада оркестрдың сүймелдеуі мен Әлқисса, Балбырауын, Ата толғауы, Ерке сылқым, Ақсақ құлан күйлері Түркия төрінде күмбірлеп жатты.

Абай алаңы мерекелік безендірілген. Қазақ-Түрік елдерінің тулары ілінген. Шарада Зейтінбурни ауданы әкімі Адем Услу, Қазақстан Бас консулы Нуридин Аманқұл құттықтау сөз сөйледі және өнер иелері домбырашыларға алғыс хаттарды, естелік сыйлықтарды табыс етті.

Домбыра күні мерекесіне Түркияның зиялы қауым өкілдері, Франция - Париждегі Қазақ қауымдастығының төрағасы, дін ғұламасы Халифа Алтайдың ұлы Абдусамит Алтай, Европада - Вена қаласындағы Қазақ қауымдастығының төрағасы Акбар Қыран, Дүние қазақтары қауымдастығының өкілі, Ыстамбұлдағы Қазақстан мәдениет және сауда орталығының жетекшісі, халық аралық «Түрксой» ұйымының бас кеңесшісі Ержан Уәйіс, Ыстамбұлда туып өскен Қазақ профессоры, тарих ғылымдарының докторы Абдуақап Қара, Измир аймағы Салихлыдағы Қазақ қауымдастығының төрағасы Алтай Қарақол, «KAZAKDERİ» басшысы Еркан Иылдыз, Ыстамбұлдағы Қазақ әншісі Бешір Көсе, үлкен көшті Түркияға бастап келгендердің бірі Хусеин Тәйжінің немересі Омар Тәйжі, кәсіпкер Мұрат Теміз, Швейцариядан Зехра апай, Қазақ консулы Алмат мырза, дипломаттар тағы басқалар қатысты.

«Шаңырақ» орталығының басшысы Дәнияр Иманбахтың жетекшілігіндегі ұжым Қазақтың ұлттық дастарханын жайды, ыстық бауырсақ, құрт-ірімшік, сүт қосылған қызыл күрең шәйін әзірледі.

Шарада Ыстамбұлдағы қарт аналар, тоқсан жастағы Қапихан мен Бұлбұлхан әжелер ақ батасын берді. «Қазақстан» ұлттық телеарнасының Түркиядағы тілшісі Айдос Әшім бейне таспаға түсірді.

Бағым да, бақытым да, кием де, қасиетім де Қазақтың домбырасының күні құтты болсын!

Ержан Уәйіс,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443