Сенбі, 23 Қараша 2024
599 0 пікір 22 Шілде, 2024 сағат 12:13

Зейнеткер академиктер 221 мың теңге стипендия алады

Сурет: slovakstudy.com

Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық ғылым академиясының зейнет жасындағы ғалымдары өмір бойына дейін ай сайын 60 АЕК көлемінде стипендия алатындығын жариялады. Бұл туралы министрлік қаулы жобасында жазды, деп хабарлайды Abai.kz.

Аталған қаулы биылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

"Қазақстан Республикасы ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа толған академигіне өмір бойғы ай сайынғы стипендияның мөлшері 60 АЕК мөлшерінде белгіленсін және оны төлеу қағидалары бекітілсін", – деп жазылған қаулы жобасында.

Стипендия алуға үміткер академик Ұлттық ғылым академиясына келесі құжаттарды өткізуі керек:

Еркін нысанда стипендияны төлеуге өтініш;

  • ҰҒА академигі мәртебесін растайтын құжат (ҰҒА академигі мәртебесін беру туралы ҰҒА отырысының хаттамасынан үзінді);
  • Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының көшірмесі);
  • Екінші деңгейдегі банк айқындайтын нысан бойынша шоттың болуы туралы банк анықтамасы.

Стипендия төлеу мынандай жағдайларда тоқталады:

  • ҰҒА академигі қайтыс болса (қайтыс болу туралы анықтама/куәлік);
  • ҰҒА академигі хабар-ошарсыз кетсе немесе қайтыс болды деп жарияланса;
  • ҰҒА құрамынан шығарылса (ҰҒА төралқасы отырысының хаттамасынан үзінді);
  • Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылса.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5439