Ақтөбе: Тасқыннан зардап шеккен 35 отбасы баспаналы болды
Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында тасқын судан зардап шеккен 35 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды Abai.kz Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ырғыз ауданында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсетіліп жатыр. Материалдық және әлеуметтік төлем төленіп, жаңа үйлер салынып жатыр, сонымен қатар тұрғындар келісіміне сәйкес, өздері қалаған тұрғын үйді сатып ала алады. Бүгінгі күні 35 отбасы қоныстойын тойлады, 125 отбасы жаңа салынып жатқан үйлеріне көшеді", – делінген хабарламада.
Баспана "Юнис сити" мен Есет батыр тұрғын үй алабынан берілді. 66 шаршы метрді құрайтын жаңа пәтерде барлық жағдай қарастырылған.
Abai.kz